03.03.2021, 21:23 14442

Мүгедектікті алу жөніндегі мемлекеттік қызмет цифрлық форматқа көшіріледі

Нұр-Сұлтан. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласында 44 мемлекеттік қызмет түрін көрсету қарастырылған, оның ішінде 91% электрондық түрде көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

2020 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-еңбек саласында азаматтарға жалпы саны 12,4 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 7,8 млн -электрондық форматта. Ағымдағы жылы электронды қызметтердің үлесін 93%-ға дейін жеткізу жоспарланған", - деді вице-министр.

 
Сонымен қатар, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік-еңбек саласының барлық қызметтеріне, соның ішінде карантин және шектеу шаралары кезінде электрондық және проактивті форматта көрсетілген мемлектеттік қызметтерге талдау жасалды. Оның нәтижесі бойынша, қызметтерді электронды немесе проактивті форматқа ауыстурудағы, сондай-ақ электронды немесе проактивті форматқа ауыстырылған қызметтердің көрсетілудегі тежеуші факторлар анықталды.
 

Атап айтқанда, азаматтардың мүгедектіктігін сырттай анықтау үшін, өтініш беруші тек ғана медициналық мекемелерге жүгінетін болады, қалған процестер ақпараттық жүйелердің өзара интеграциялары арқылы адамның қатысуынсыз, өтінішсіз, жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтерді және оңалту техникалық құралдарын тағайындауға автоматты түрде мүмкіндік береді", - деді Е.Оспанов.

 
Бұдан басқа, көрсетілетін қызметті алушыларға ыңғайлы болу мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініштерді эксаумақтық принцип бойынша қабылдау жүзеге асырылмақ. Бұл принцип бойынша азаматтар өзінің тіркелеген жерінен ғана емес, басқа да өңірлерден зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға өтініш бере алады. Қызметтерді кезең-кезеңмен эксаумақтық принципке ауыстыруды ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап іске қосу жоспарланған.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны