09.04.2021, 20:49 10690

Алматыда коронавируспен байланысты жағдай шиеленісе түсуде, нашарлау үрдісі бар

АЛМАТЫ. 9 СӘУІР - Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың саны өсуде. Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.
 

Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады. Пандемия басталғалы бері мегаполисте коронавирус инфекцияның 39 655 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққанда 1 948,9). Жыл басынан бері 21 134 адам індет жұқтырды (100 мың тұрғынға шаққанда 1 038,7), наурызда - 9 525 жағдай тікелсе, 8 сәуірде - 5 057 адамнан індет шықты. Өткен тәулікте 717 алматалықтан коронавирус инфекциясы табылды. Күнделікті өсім 1,8 құрады", - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.

 
Эпидемиологтардың айтуынша, қазіргі уақытта коронавирустың үшінші толқыны жалғасуда. Бұл мутацияланған штамдарға байланысты болып отыр.
 

1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ ауруының өсуі жалғасуда, қазіргі таңда аптасына 64 жағдайға дейін жетті: наурыздың 1-ші аптасы-12 жағдай (КВИ – ның әдеттегі ағымы), 2-ші аптада – 27 жағдай (мутацияланған штаммдарды тіркеудің басталуы), 3-ші аптада – 41 жағдай, 4-ші аптада – 54 жағдай, сәуірдің 1-ші аптасында - 64 жағдай, яғни 1 жасқа дейінгі балалар арасында КВИ жағдайларының апталық тіркелуі мутацияланған КВИ штаммдарының таралуына қарағанда 5,3 есе; 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 107 жағдайдан 372 жағдайға дейін, яғни 3,5 есеге өсті",- деп хабарлады департаменттен.


Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны