29.04.2021, 19:59 11766

Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

НҰР-СҰЛТАН. 29 СӘУІР - Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Елорда әкімдігі Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің үздік эскиз-идеясына байқау жариялайды.
 

Ұсыныстарды Birge платформасына (https://birge-elorda.kz/nur-sultan/) оң жағынан төменгі бұрышындағы "Кері байланыс" батырмасы арқылы жіберуге болады. Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады", - деп хабарлады әкімдікте.

 
Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Ұзақ уақыт бойы ол "А-Студио" тобының солисті болды, бірақ 2000 жылы ұжымнан кетіп, жеке мансабын бастады. Әнші 2015 жылдың 28 сәуірінде қайтыс болды. Өлімнің себебі инфаркт болды. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл елді және әншінің миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны