17.05.2021, 18:32 7846

ІІМ тұтқындарға кезекті рақымшылық жасау туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Сотталған адамдарға тағайындалған жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін.
НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Қазақстанның Ішкі істер министрлігі депутаттардың елдегі тұтқындарға кезекті рақымшылық жасау жөніндегі сауалына түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Сотталған адамдарға тағайындалған жазаның мерзімі қысқартылуы мүмкін. Оның үстіне жазасын өтеген немесе оны одан әрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен сотталғандығы алып тасталуы мүмкін", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

 
Бұдан басқа, ҚР Қылмыстық кодексінің 78-бабына сәйкес, кәмелетке толмағанның он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағанға қатысты осындай қылмыс жасаған жағдайды қоспағанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар, террористік қылмыстар, экстремистік қылмыстар, азаптаулар, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы немесе қылмыстардың қауiптi қайталануы кезінде жаза тағайындалған адамдарға рақымшылық жасау туралы акт қолданылмайды.
 
ІІМ қазіргі уақытта ҚАЖ мекемелерінде 5 мыңнан астам рецидивист-қылмыскер бар екенін хабарлады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны