09.07.2021, 23:26 8917

Алматыда бірқатар ғимараттар ыстық судан ажыратылады

2021 жылғы 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су құйылмайды.

АЛМАТЫ. 9 ШІЛДЕ - Алматының Түрксіб ауданында бірқатар ғимараттар бірнеше күнге ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарлағандай, 2021 жылғы 12-16 шілде аралығында Түрксіб ауданының аумағында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су құйылмайды:

– Хмельницкий – Куйбышев – Бакинская - Староэлеваторская;

– Папанина – Ереванская – Стальский - Сүйінбай;

– Кассин – Жұмабаев – Бехтерев - Шереметьев.

Қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шектеулер енгізіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны