28.07.2021, 18:20 10290

Мырзағалиев Орталық Азияның климат жөніндегі өңірлік хабын құруды ұсынды

Мырзағалиев Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшыларын Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығының әлеуетін белсенді пайдалануға шақырды.
ДУШАНБЕ. 28 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев климаттың өзгеруі жөніндегі төртінші Орталық Азия конференциясы барысында Қазақстанда климат жөніндегі Орталық Азияның өңірлік хабын құруды ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Министр Қазақстан Республикасында орналасқан климат бойынша Орталық Азияның өңірлік хабын құруды ұсынды, оның қызметі жобаларды іске асыру, технологиялар трансферті және білім алмасу арқылы өңірдегі "жасыл" өсу мәселелерін шешуге бағытталуы мүмкін еді. 
 
Министр өз баяндамасында еліміздегі климаттық саясатты жақсарту, жасыл технологияларды енгізуді ынталандыру, шөлейттену мен жердің тозуының алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралары жөнінде атап өтіп, сонымен қатар, Арал өңірінің экологиялық проблемаларын кешенді шешу мәселелерін қозғады. 
 
Сонымен қатар, М.Мырзағалиев Орталық Азия елдерінің табиғатты қорғау ведомстволарының басшыларын Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығының әлеуетін белсенді пайдалануға шақырды. 
 

Министр климаттық қорлармен (Жасыл климаттық қор, ЖЭҚ және т.б.) жұмыс істеу жөніндегі өңірлік тетік құруды, Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару, биоалуантүрлілікті сақтау, сондай-ақ өңірдегі деректермен ақпараттық алмасуды жетілдіру саласында жаңа жобалар әзірлеуді ұсынды", - деп нақтылады Экология министрлігінің баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны