24.09.2021, 17:55 6929

Алматыда Жандосов көшесіндегі қорған тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығарылды

Марғұлан атындағы Археология институтының 2020 жылғы 7 қазандағы тарихи-мәдени сараптамасының нәтижелері бойынша қорғанның тарихи-мәдени құндылығы жоқ.
АЛМАТЫ. 24 ҚЫРКҮЙЕК - Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі №3/458 қаулысымен қаланың жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, 1-ші жол тізімнен шығарылды, оның астында 20 және 22 -ші жолдардың көшелерінде, Жандосов, Тәжібаева көшесі, 37, Автокөлік кәсіпорнының шығыс және оңтүстік-шығыс жағында - 2, мектептің жанында орналасқан қорған көрсетілген болатын.
 
Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Бұдан бұрын хабарланғандай, маусым айында Алматы әкімдігі Ашық НҚА сайтында "Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы "Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" №1/191 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулы жобасын орналастырған болатын. Құжатқа сәйкес, Алматы әкімдігі 2017 жылы Жандосов көшесінде, Тәжібаева көшесінің қиылысында, мектеп жанында орналасқан археологиялық ескерткішке зерттеу жүргізді.
 

Марғұлан атындағы Археология институтының 2020 жылғы 7 қазандағы тарихи-мәдени сараптамасының нәтижелері бойынша қорғанның тарихи-мәдени құндылығы жоқ", - делінген түсіндірме жазбада.

 
Осыған орай, аталған қорғанды Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастау ұсынылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны