24.09.2021, 19:03 7865

Қазақстандық вакциналау паспортын қай елдер таныды

Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде.
НҰР-СҰЛТАН. 24 ҚЫРКҮЙЕК - 2021 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жеті елдің уәкілетті органдарымен вакциналау паспорттарын өзара тану бой ноталармен алмасу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР СІМ ақпараты бойынша, Қазақстанның вакциналау паспорттары Грузия, Қырғызстан, Мажарстан, Молдова, Моңғолия, Таиланд, және Түркияда танылады.
 

Осылайша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналаудың толық курсынан өткен Қазақстан және жоғарыда аталған елдердің азаматтары COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттары негізінде мемлекеттік шекараларды карантиндік шектеулерсіз (ПТР тест тапсыру, өзін-өзі оқшалау және т.б.) кесіп өте алады", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Сонымен бірге, Беларусь, Вьетнам, Мысыр және Оман сияқты елдер шетелдік мемлекеттердің вакциналау паспорттарын біржақты тәртіппен таныды және келушілерге кіруді жеңілдетті. 
 

Аталған елдердге бару үшін Қазақстан азаматтарына шеқаралық өткізу пункттерінде COVID-19-ге қарсы вакциналауды растайтын құжатты ұсыну жеткілікті", - деп түсіндірді ҚР СІМ.

 
Бүгінгі таңда Аргентина, Армения, Әзербайжан, Иордания, Индонезия, Марокко, Өзбекстан, Ресей, Филиппиндер және т.б. мемлекеттермен COVID-19-ге қарсы вакциналау паспорттарын өзара тану бойынша келіссөздер жүргізілуде.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны