10.11.2021, 20:19 50558
Цой: балаларды коронавирусқа қарсы вакцинациялау мектептерде жүргізіледі
Достарға айту
Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім еткендей, балалардың, жүкті және бала емізетін әйелдердің коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 4 млн 230 мың доза сатып алынды, бұл 2 млн 115 мың адамды қамтуға мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, вакциналауға 12-17 жастағы балалар, жүктіліктің 16-37 аптасындағы жүкті әйелдер және босанғаннан кейін 42 күннен кейін емізетін әйелдер жатады.
Әдетте балаларды вакциналау оқу орнындағы егу пункттерінде, яғни білім беру ұйымдарында жүргізілді, КВИ-ға қарсы вакциналау да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылатын болады", - деді министр.
Ол вакцинация ата-аналарының немесе кәмелетке толмағандардың, жасөспірімдердің өзге де заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімінен кейін ғана жүргізілетінін атап өтті.
Осыған байланысты облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері ақпарат және қоғамдық даму, білім, денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп, қамтамасыз етуі қажет: КВИ-ға қарсы вакциналау мәселесі бойынша педагогтерді, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын немесе өзге де заңды өкілдерін хабардар ету; бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді тарта отырып, КВИ-ға қарсы вакциналау мәселесі бойынша халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдіктері:
- санитарлық ережелерге сәйкес егу пункттерін дайындауы;
- вакцинаның бірінші партиясы түскенге дейін мұздатқыш жабдықты орнатуы;
- вакцинаны тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерін сақтауы;
- медицина қызметкерлерін даярлауы тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қарашадан бастап Қазақстанда халықты ревакцинациялау басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
04.12.2023, 18:07 1381
Қазақстанда телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді
Сурет: polisia.kz
Достарға айту
Қазақстанда телефон ұрлығы 16%-ға төмендеді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда ұялы телефондар тек байланыс құралы ғана емес, сонымен қатар жеке деректерді, қаражат пен банк карталарын сақтауға арналған платформа. ІІМ мәліметтері бойынша, смартфондар, әсіресе қымбат модельдер ұрлықтың нысанасына жиі айналады, олардың кейбірінің құны шамамен 1 млн теңгені құрайды.
Статистикаға сәйкес, биылғы жылдың 10 айында ел бойынша 9 мыңнан астам телефон ұрлығы тіркелді. Бұл өткен жылғы тіркеуден 16%-ға төмен. Бұл ретте табылып, иелеріне қайтарылғаны - 4 мыңнан астам. Ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шараларды жетілдіру мақсатында ведомство бірқатар ұйымдастырушылық және заңнамалық бастамаларды іске асырып жатыр.
Мысалы, ЦДИАӨМ-мен бірлесіп қылмыстық жолмен алынған телефондардың қайталама айналымын болдырмау мақсатында "Байланыс туралы" ҚР Заңына өзгерістер енгізілді, соған сәйкес "абоненттік құрылғыларды тіркеу қағидалары" әзірленіп, бекітілді. Ережеге сәйкес, барлық ұялы телефондар "IMEI + SIM + ЖСН" схемасы бойынша тіркелуі керек, егер бұл байлам бұзылған болса, бұғатталуы керек. ІІМ криминалдық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары Жандос Батырбеков бүгінгі таңда телефон ұрлығының төмендеу үрдісі байқалып, олардың ашылу деңгейі артып келе жатқанын атап өтті. Нәтижесінде соңғы үш жылда ұрланған телефондар санының 22,1%- ға, қалта ұрлығының 57,7%-ға төмендеуі байқалды, мұнда ұялы телефондар да қол сұғушылықтың нысанасына айналуда. Бұл қылмыстардың ашылуы 90% деңгейінде қалады.
Сондай-ақ ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-қимыл мақсатында полицейлер оларды сатып алу және өткізу орындары бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Базарлар, сауда үйлері мен орталықтары, бутиктер, жөндеу шеберханалары тексеріледі.
Телефон ұрыларының құрбаны болмас үшін тәртіп сақшылары бірнеше қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:
- телефонды киім мен сөмкелердің сыртқы қалталарына салмаңыз;
- телефон жатқан сөмке жабық екеніне көз жеткізіңіз;
- телефонды қараусыз қалдырмаңыз;
- телефонды көлікте көрінетін жерде қалдырмаңыз (панельде, орындықта және т.б.);
- жоғалған телефонды табу үшін Android жүйесі бар телефондарға арналған "құрылғыны табу" және iPhone үшін "Локатор" құрылғыларын іздеу қызметін пайдаланыңыз, онда смартфонды жоғалған деп белгілеу керек, сізбен байланысуға болатын досыңыздың немесе туысқаныңыздың нөмірі бар хабарламаны экранға шығарыңыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
04.12.2023, 12:31 3516
Алматы метрополитенінде қосымша құрам желіге шығарылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Жолаушылар ағынын сараптау нәтижесінде Алматы метрополитенінде жылжымалы құрам саны көбейтілді, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Енді қарбалас уақытта желіде 11 құрам 5 минут 38 секунд жиілікпен қызмет көрсететін болады.
Оқу жылының басталысымен жолаушылар ағыны 70 мыңнан 90 мыңға дейін өсті. Талдау нәтижесінде жолаушылар саны күніне 100 мыңға дейін көбейгендігі ескеріліп, желіге қосымша құрам шығару туралы шешім қабылданды.
Әр құрам жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын 4 вагоннан тұрады.
Еске сала кетейік, Алматы метрополитені 2011 жылғы 1 желтоқсанда іске қосылды, қазіргі кезде 11 станция бар. Әрі қарай 4 станцияның құрылысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.11.2023, 13:11 33126
Бүгін Астанада көктайғақ болады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Астанада бүгін көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша Астана қаласында 30 қараша күні ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ күтілетінін мәлім етті.
Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрайды.
Елордалық құтқарушылар қала тұрғындарынан далада жүргенде сақ болуды, төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрайды. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 16:34 43816
Алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкер жауапқа тартылды
Алимент төлемеудің негізгі себебі - борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы
Достарға айту
Алимент төлеуден жалтарған 6 мың борышкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Прокуратура органдары алименттерді өндіріп алу мәселесіне ерекше назар аударады және үйлестіру шараларымен сот орындаушылары, полиция, әкімдіктер және басқа да уәкілетті органдардың келісілген іс-қимылдарын қамтамасыз етеді.
Осы бағытта екі жыл ішінде прокуратурамен 236 мәжіліс, алқа және үйлестіру кеңестері өткізілді.
Алимент төлемеудің негізгі себебі - борышкерлердің жұмысқа орналаспауы, тұрақты табыстың болмауы.
Жағдайды шешу үшін кәсіпкерлерді тарта отырып 200-ге жуық бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жұмыспен қамту органдарында 20 мың жұмыссыз борышкер есепке алынды, оның 9,5 мыңы жұмысқа орналасты. 500-ден астам түрлі ынталандыру шаралары өткізілді (акция, рейдт, әлеуметтік ролик, билбордтар және басқалар).
Алимент өндіруден жалтарған 6 мыңға жуық борышкер әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
700 қадағалау актісі бойынша тәртіптік жазада 825 жеке сот орындаушы жазаланды.
Жүйелі және кешенді шаралар қабылдау нәтижесінде проблемалық іс жүргізулердің санын үштен біріне дейін қысқартуға мүмкіндік берді немесе 75 мыңнан 50 мыңға дейін.
140 мың баланың пайдасына 23 млрд теңгеге қарыз өтелді, сонымен қатар қарыз есебіне борышкерлердің 322 мүлкі өндіріп алушыларға берілді.
Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды.
Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы жұмыс істеу (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және т.б.
Сот орындаушылар борышкерлердің осындай табыстары туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы арқылы алады.
Мысалы, Қарағанды облысында прокурорлар электрондық әмияндарда ақшаны жасырған 86 төлемеушіні анықтады.
Кірістерден өндіріп алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізу туралы ұсыныстар Әділет министрлігіне және Парламент депутаттарына жіберілді.
Алименттерді өндіріп алу және балалардың құқықтарын сақтау мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 16:31 44016
Астанадағы жаңа көпір көлік кептелісін қанша пайызға азайтты
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елорда тұрғындары Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір арқылы жиі қатынайды. Бұл көпір көшелердегі кептелісті едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мәселен, Мәңгілік Ел даңғылы 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала даңғылындағы көпір тиісінше 15%-ға дейін азайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жаңа көпірдің арқасында Мәңгілік ел даңғылының Ұлы Дала даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесі аралығында көлік нөпірі тәулігіне орта есеппен 19%-ға азайғаны байқалады. Сондай-ақ, таңертеңгі қарбалас сағаттарда 14%-ға, ал кешкі қарбалас уақытта 5,5%-ға төмендеуі байқалады.
Мәңгілік ел даңғылының бойында Керей Жәнібек хандар көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде (солтүстік бағытта) кептеліс кешкі уақытта 11,8%-ға, оңтүстік бағытта 8,2%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, қарқындылықтың таңертеңгі уақытта 21,2%-ға төмендеуі байқалады (оңтүстік бағытта).
Сондай-ақ, көпірдің Түркістан көшесіндегі көлік кептелісіне де оң әсерін ерекше атап өтуге болады. Ұлы дала даңғылынан Керей Жәнібек хандар көшесі аралығындағы Түркістан көшесінде қарқындылықтың тәулігіне төмендеуі солтүстік бағытта - 12,5%. Сондай-ақ, қарқындылықтың таңертеңгі қарбалас уақытта 21%-ға, кешкі уақытта-17%-ға төмендеуі байқалады.
Деректерді "Sergek ITS" талдау, мониторинг және көліктік болжау бойынша Интеллектуалды көлік жүйесі арқылы мамандар дайындайды.
Естеріңізге сала кетейік, Тәуелсіздік көпірі Алматы мен Есіл аудандары арасындағы қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Сол сияқты өзге көшелердегі кептелісті едәуір сейілтуге мүмкіндік береді: сол жағалауды Тәуелсіздік даңғылымен, жаңа теміржол вокзалымен, Қошқарбаев даңғылымен, Нәжімеденов көшесімен, Әзірет Сұлтан мешітімен, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелерімен, Момышұлы даңғылымен және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етеді.
Көпір сегіз жолақты - екі бағытта төрт жолақтан. Көпірдің шет жақтарында жаяу жүргіншілер аймақтары мен веложолдар бар. Ал көгалдандыру жұмысы көктемде аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 16:25 44206
Қазақстанда желтоқсандағы мерекеге орай қосымша пойыздар жүреді
Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады
Достарға айту
Қазақстанның Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекелеріне орай жолаушылар сұранысының артуына байланысты КТК қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мына бағыттар қосымша рейстер орындайды:
№201/202 "Нұр-Сұлтан 1 - Шымкент" - астанадан үш рейс 15, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1 қаңтары жүреді. Шымкенттен 16, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2 қаңтары жүреді.
№203/204 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы 2" - бес рейс "Нұрлы жол" вокзал кешенінен 15, 28, 29 желтоқсан және 2024 жылдың 1, 2 қаңтары жүреді. Алматыдан 2-16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары жүреді.
Пойыздар стандартты купеден және резерв вагондардан тұрады.
Сонымен қатар Астанадан Павлодарға №7510/7509 электр пойызының қосымша рейсі белгіленген. Пойыз елордадан биыл 15, 29, 30 желтоқсанда, қарсы бағытта - 18 желтоқсанда және 2024 жылдың 2 қаңтарында шығады", - деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.11.2023, 15:08 44906
Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр
Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды
Достарға айту
Ақтөбеде жоғалған оқушы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
2008 жылы туған 8-сынып оқушысы Иов Антон Алексеевичт 27 қарашада сағат 15:00-де үйден көшеге шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Белгілері: дене бітімі арық, бойы 160-165 см, көздері көк.
Үстінде: қара түсті бас киім, қоңыр күрте, қою көк түсті шалбар, қара рюкзак.
Іздеуге полицейлер, ҚР ҰҰ әскери қызметшілері және Zello-poisk еріктілері тартылды.
UPD: Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері жоғалған баланы тапты. Ол күндіз көшелерді аралап жүріп, түнде қараусыз қалған гараждарда түнегені анықталды. Кәмелетке толмаған бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген. Қазіргі таңда ол кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Полиция департаменті Zello poisk еріктілеріне жасөспірімді іздеуге көмектескені үшін алғысын білдіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
28.11.2023, 21:42 51366
Үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Елімізде үш күнде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында "Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" атты жыл сайынғы республикалық акциясы өтіп жатыр. Іс-шараның негізгі мақсаты - әйелдер мен балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, агрессорлармен профилактикалық жұмыс жүргізу, психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына оңалту қызметтерін ұсынатын мамандармен өзара іс-қимыл жасау.
Акция барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге өз құқықтары туралы көбірек білуге және оларды пайдалануға көмектеседі, сонымен қатар агрессорға қалай әсер ету керектігі туралы айтады. Үш күн ішінде 800-ден астам қоғамдық іс-шара ұйымдастырылды. Олар мобильді акциялар, флешмобтар, дәрістер, дөңгелек үстелдер, тренингтер және тағы басқа жиын өтті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге 140 мыңнан астам консультация берілді. Оларға осы саладағы қолданыстағы заңнаманы түсіндіретін жадынамалар, сондай-ақ дағдарыс орталықтарының байланыстары және "111", "150" сенім телефондары беріледі. Бүгінгі таңда 170 мыңнан астам осындай үлестірме материал таратылды. Жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жаппай болатын орындарында құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша билбордтар орнатып, плакаттар мен маңдайшалар орналастырды. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілді.
Акция басталғаннан бері полицейлер есепте тұрған 63 мыңнан астам адамды, оның ішінде отбасы-тұрмыстық салада құқық бұзушылыққа жол беретін 9,5 мың адамды, сондай-ақ 5 мыңнан астам әлеуметтік осал отбасын тексерді. Тексеру барысында 400-ден астам адам жауапқа тартылды, 325 қорғау ұйғарымы шығарылды, соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 62 ерекше талап қойды және 104 қолайсыз отбасы есепке қойылды. 2 мың бұзушылық анықталды, оның ішінде 430 қорғау нұсқамасының шектеулерін сақтамау, 833 ата-ананың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы бар. Полицияға түнде көшеде немесе ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз болған 5 мың кәмелетке толмаған бала жеткізілді.
Полиция әрбір отбасылық жанжал бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта жасау қаупін бағалау парағы толтырылатынын атап өтті. Қайталану қаупі жоғары отбасылар ерекше бақылауға алынады, олар бойынша жеке алдын алу жоспарлары жасалады. Мобильді топтарда 70 мыңнан астам отбасы бар, олардың 500-ден астамы өмірлік қиын жағдайға тап болды.
Мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жіберілді. Биыл акцияға 19 мың адам, оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура және сот өкілдері, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, еріктілер, студенттер, ІІО қоғамдық көмекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен әртістер жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
04.12.2023, 09:52АМТ шахтасындағы қайғылы оқиға: Бас прокурор ққауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жүйесінің жетілдірілмегендігі туралы айтты 04.12.2023, 12:00 14436Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқаруды талқылауда04.12.2023, 12:09 13891Жол жобаларына қатысты қолдан қымбатшылық жасауларына жол берілмей - Көлік министрі 487 жол жобаларының мердігерлеріне қатаң шарт қойды04.12.2023, 12:26 13501Елімізде ұшу қауіпсіздігін арттыру бойынша іс шаралар қабылдануда04.12.2023, 12:36 13156Алматы облысында көлікті айыппұл тұрақтарында сақтағаны үшін заңсыз ақша алып келген
01.12.2023, 17:52 76941Екібастұзда 520-дан астам жұмыс орны бар ферроқорытпа өндіретін жаңа зауыт ашылады01.12.2023, 15:48 75261Алматы қаласының Бостандық ауданында 2 емхана мен 5 жаңа мектеп салынады01.12.2023, 15:43 75046Қазақстан метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттемеге қосылады - Тоқаев01.12.2023, 13:37 72596Үкімет шет елдерден көлік әкелу мен пайдалану талаптарын бекітті01.12.2023, 15:33 70101Алматы мәслихаты 2023 жылға арналған нақтыланған жергілікті бюджет жобасын қолдады
09.11.2023, 17:53 95316Елімізде балық шаруашылығын дамыту қолға алынбақ09.11.2023, 17:42 94951Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді10.11.2023, 13:53 93951Елімізде мемлекеттік қызметкерлер қандай қылмыстық құқық бүзушылықтар жасайды10.11.2023, 11:17 92481"АрселорМиттал Теміртау" АҚ ЖЭО-2 күзгі-қысқы кезеңге дайын еместтігіне байланысты айыппұл салынады09.11.2023, 12:27 91921Қытай Қазақстаннан термиялық өңделген ет өнімдерін әкелуге шектеулерді алып тастауға дайын