24.12.2021, 18:59 39931

Алматыда тегін заң көмегі орталығы жұмыс істейді

Алматыда қазан айынан бастап екі заңгер-практик және бір кеңесші-көмекші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес береді.
Алматыда тегін заң көмегі орталығы жұмыс істейді
Сурет: akm.sud.kz
АЛМАТЫ. 24 ЖЕЛТОҚСАН - Алматыда "Заң консультациялары" жобасы іске қосылды, соның арқасында барлық тілек білдірушілер мамандардың заң көмегін тегін ала алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының "Еріктілер лигасы" ҚҚ директоры Ақнұр Оспанова мәлімдеді. Оның айтуынша, Алматыда қазан айынан бастап екі заңгер-практик және бір кеңесші-көмекші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес береді. 
 
Үш айдың ішінде заң көмегі офлайн форматта 553 тұрғынға көрсетілді, 1102 онлайн-консультация өткізілді.
 

Бұл жобаның негізгі мақсаты қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың құқықтарын қорғау және халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру болып табылады. Біздің заңгерлер қабылдауды тегін жүргізеді. Жоба танымал болған жағдайда мамандар штаты кеңейтіледі", - деді қоғамдық қор төрағасы.

 
Көпжылдық тәжірибесі бар заңгерлер азаматтар жүгінген кезде ауызша және жазбаша кеңестер беріп қана қоймай, іс материалдарын зерделеуге көмектеседі, соттарда өтініш білдіргендердің мүдделерін білдіреді, талап арыз жазуға жәрдемдеседі және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.
 
Заңгерлер мен жобаны ұйымдастырушылар командасының болашаққа үлкен жоспарлары бар. Ақнұр Оспанованың мақсаты – Алматы қаласын ғана емес, бүкіл Қазақстанды қамту.
 
Алматылықтар Торайғыров көшесі, 29 мекен-жайына хабарласа алады. 
 
Жоба 2022 жылдың желтоқсанына дейін әрекет етеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны