07.02.2022, 16:37 20511

Түрксіб ауданындағы үйлердің бір бөлігі екі түнге суық судан ажыратылады

Түрксіб ауданындағы үйлердің бір бөлігі екі түнге суық судан ажыратылады
АЛМАТЫ. 7 АҚПАН - Алматының Түрксіб ауданындағы бірқатар ғимараттар екі түнге суық судан ажыратылады. Мұндай шектеулер жаңа су құбырын қосу үшін енгізіліп отыр.
 
Түрксіб ауданындағы бірқатар үйлердің тұрғындары екі түн бойы суық сусыз қалады.
 
 "Алматы су" МКК мәліметінше, 8 ақпан күні сағат 22:00-ден 9 ақпан күні сағат 06:00-ге дейін Великолукская - Жансүгіров - Сокольский - Палладин - Егоров көшелерінің контурында суық су болмайды.
 
Сонымен қатар, 9 ақпан күні сағат 22:00-ден 10 ақпан күні сағат 06:00-ге дейін Жансүгіров - Сокольский - Палладин - Запорожская көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер суық судан ажыратылады.
 

Жаңа су құбырын қолданыстағы сумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін суық су қызметіне уақытша шектеулер енгізілген", - деп хабарлады "Алматы су" МКК.

 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны