31.03.2022, 17:59 16371

"Қазақстан халкына" қоры қаңтар айындағы оқиғалар барысында зардап шеккендерге 495 млн теңге төледі

"Қазақстан халкына" қоры қаңтар айындағы оқиғалар барысында зардап шеккендерге 495 млн теңге төледі
Сурет: Facebook/Шелепова
НҰР-СҰЛТАН. 31 НАУРЫЗ - "Қазақстан халкына" қоры қаңтардың қайғылы оқиғасы кезінде зардап шеккендерге 495 млн теңге төледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қордың сайтына сілтеме жасап.
 

Қазақстан Халық" ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қамқоршылық кеңес 2022 жылғы 25 наурыздағы жағдай бойынша Қор Басқармасының көрсетілген қайырымдылық көмек туралы есебін қарады. 

 
Қордан қайғылы қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге жалпы сомасы 495 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді, оның ішінде:
 
- қаза тапқан әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасыларына - 133 млн.теңге.
 
- ауыр жарақат алған әскери қызметкерлерге, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне – 318 млн.теңге
 
- қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны болған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына – 35 млн.теңге.
 
- қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен балалардың отбасыларына – 9 млн.
 
Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда, азаматтардың өлімінің мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.
 
Омыртқа бұлшықетінің атрофиясына шалдыққан 4 балаға Қазақстан Республикасында тіркелмеген Onasemnogene Abeparvovec (ZOLGENSMA) препаратын сатып алу үшін жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге қор төледі. Науқастар ауруханаға жатқызылды, әр науқас үшін жеке дәрілік затты өндіру үшін барлық науқастардан биоматериал алынды. Бірінші балаға препарат 26 наурызда енгізілді, қалғандарын 8 сәуірге дейін енгізу жоспарлануда.
 
Қамқоршылық кеңес Қор Басқармасы туралы ережені бекітті, atamekenim.kz онлайн-платформасына келіп түскен өтініштерді қарау, Қор жанынан құрылған консультативтік-кеңесші органдардың жұмысы туралы ақпаратты, сондай-ақ Қор кеңесі туралы ақпаратты назарға алды. 
 
Қамқоршылық кеңес Басқармаға халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттары – көп балалы отбасылар, АӘК алушылар, мүгедектер және басқа да санаттар арасынан атаулы көмек алушылар – азаматтар санаттарын айқындау тәсілдері мен нақты критерийлерін әзірлеу үшін жұмыс тобын құруды тапсырды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны