07.06.2022, 16:13 18886
Қазақстанда жүктілік және босану бойынша төлемдер өседі
Сурет: pixabay.com
Достарға айту
Бала күтімімен айналысатын қазақстандық әйелдер жалақысының көп бөлігін ай сайынғы төлем түрінде алатын болады.
Бүгін бала күтімі бойынша әйелдер еңбекақысының көбірек үлесін алуы үшін мөлшерді ұлғайту мәселесін қарастырып жатырмыз. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын ескере отырып, жұмысынан айырылу, жүктілік және босану, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту қарастырылуда жатырмыз", – деді Тамара Дүйсенова.
Бірақ әйелдер бұрынғыдай, декретке шыққанға дейін 12 ай ішінде өз жалақысынан аударымдар жасауы тиіс.
Ақпарат көзі: 7kun.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.06.2023, 14:29 1556
Орыстілді балабақшалар жабылмайды
Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.
Достарға айту
6 маусымда үкімет кулуарында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде оқытуға көшірілетіні жөніндегі қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқу-ағарту министрі бүгінде мемлекеттік балабақшалардың басым бөлігі қазақ тілінде екенін атап өтті.
Қазір сараптама жүргізіп жатырмыз, содан кейін толық ақпарат береміз... Бірақ орыстілді балабақшаларды жабу туралы мәселе ешқашан болмайды, біз мемлекеттік тілді оқытуды күшейтіп жатырмыз", - деді Ғани Бейсембаев.
Оның айтуынша, бүгінде 11 мыңнан астам балабақша болса, оның жартысы мемлекет меншігінде.
Қазақ тіліндегі балабақшаларға деген қажеттілік пен сұранысты көріп отырмыз. Балабақшаларды тек мемлекеттік тілде ұйымдастыруда еш қиындық болмайды: тәрбиешілер де бар, сұраныс та бар. Бұл балабақшалардың мемлекеттік тілде ашылуы заңды процесс", - деді Ғани Бейсембаев.
2022 жылдың 1 ақпанында Қазақстанның бұрынғы Білім министрі Асхат Аймағамбетов биылғы жылдан бастап еліміздегі балабақшаларда тәрбие мен оқытудың жаңа моделі іске қосылатынын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 12:50 1911
Kaspi.kz арқылы тұрғылықты жері бойынша тіркелу мүмкіндігі іске қосылды
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Kaspi.kz ІІМ көші-қон қызметі комитетімен, Әділет министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен бірлесіп, жаңа қызметті іске қосты. Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады. Сонымен қатар меншік иесі өз үйінен бірге тұрмайтын адамдарды өз бетінше тіркеуден шығара алады. Егер сіз үйдің иесі болмасаңыз және біреуге тіркелгіңіз келсе, онда сервистің өзі үй иесінің келісімін сұрайды.
Біз Kaspi.kz-те жаңа қызметтерді іске қосуды жалғастырып жатырмыз. Сіз мемлекеттік мекемелерден анықтама ала аласыз, балаларға арналған жәрдемақыларды рәсімдей аласыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркеле аласыз және басқа да көптеген мәселелерді тез шеше аласыз. Біз ІІМ, Әділет және Цифрландыру министрліктеріне, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызметтерді қазақстандықтар үшін одан да ыңғайлы және қолжетімді ету мүмкіндігіне алғыс айтамыз", - деді Kaspi.kz басшысы және құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.
ІІМ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиция қызметін цифрландыру жұмысын жалғастыруда.
Мобильді қосымшалар қарапайым және түсінікті, ал оларды пайдалану көрсетілетін қызметті алушы мен қызметкердің тікелей байланысын болдырмайды. Сондықтан ІІМ халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді смартфондарға шығаруға ерекше назар аударады. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер онлайн режимде қолжетімді. Енді азаматтар ХҚКО мен полицияға барып, кезекте тұрып, уақыт жоғалтпайды", - деп атап өтті ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықов.
Екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында қызметтердің танымалдығы жыл сайын артып келеді. Мысалы, өткен жылы сыртқы платформалар арқылы миллионнан астам қызмет көрсетілді", - деп хабарлады ЦДИАӨМ.
Тіркеу кезінде ЖСН енгізу жеткілікті, ал аты-жөні мен мекенжайы автоматты түрде пайда болады. Қызметті пайдалану қауіпсіз. Тіркелу кезінде фото сәйкестендіруден өту керек. Бұл сізден басқа ешкім сіздің атыңыздан аталмыш қызметті пайдалана алмайтындығына кепілдік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 10:59 2331
Панфилов ауданында 15 жасар қыз іздестірілуде
4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған
Сурет: Polisia.kz
Достарға айту
Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жасар Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.
Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.
Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екендігі немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.06.2023, 09:40 2711
Бүгін елімізде қандай ауа райы күтіледі
Достарға айту
Қазгидромет 6 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды Inform.kz.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, соған байланысты найзағай мен жаңбыр, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшейеді, батысында бұршақ, түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында, Ұлытау, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық болады.
Ақмола, Түркістан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қызылорда, Жамбыл, Жетісу облыстарында, Алматы облысының солтүстік жартысында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай, Қостанай, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Атырау облысының шығысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады", - деп жазды синоптиктер.
Түркістан, Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 17:15 4046
Павлодарлық зейнеткер алаяқтарға алданып қалды
Жыл басынан бері жалпы 25 млн теңге қаражат берген тоғыз павлодарлық алаяқтардың құрығына ілінген
Достарға айту
Павлодар облысында зейнеткер алаяққа 13 млн теңгесін беріп қойды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ескі схема бойынша алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Солардың бірі - "Сіздің ұлыңыз, қызыңыз, немесе немереңіз апатқа ұшырады немесе полицияда" деген хабарламалар. Телефон алаяқтары оңай алданатын, туысқандарының амандығы үшін бәріне дайын қарт адамдарға хабарласудан бастайды.
Мәселен, 3 маусымда түстен кейін белгісіз ер адам 90 жастағы зейнеткердің қалалық телефонына қоңырау шалып, " Қызыңыз апатқа ұшырап, адамды қағып кетті. Қызыңыз әртүрлі жарақаттармен ауруханада жатыр. Оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешу үшін сіз ақша аударуыңыз керек" деген сылтаумен хабарласты. Алаяқтар қаражатты Руслан есімді жігіт алып кететінін айтқан. Біраз уақыттан кейін зейнеткердің үй телефонына қобалжыған дауыспен "апатқа ұшырадым, маған шұғыл түрде 20 млн теңге көлемінде ақша керек" деген қызының дауысына ұқсас әйел хабарласты. Зейнеткер қоңырау шалған адамның дауысын ажырата алмай, қызының шынымен қиын жағдайға тап болғанына сеніп қалды.
Зейнеткер жинақтары мен зейнетақысынан 13 млн теңге сомасында қаражатты жинаған. Көп ұзамай олар есікке қоңырау шалды, белгісіз адам кіріп, өзін Русланмын деп таныстырды. Ақшаны санап, алып кетті. Қазіргі уақытта белгісіз тұлғалардың жеке басын және орналасқан жерін анықтауға жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Павлодар облысының жеке құрамы бағдарланған", - деп хабарлайды Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.
Жыл басынан бері жалпы 25 млн теңге қаражат берген тоғыз павлодарлық осындай схема бойынша алаяқтардың "қармағына" түскен. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.06.2023, 08:40 5651
9 қалада ауа сапасы нашарлайды
Достарға айту
Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Inform.kz.
5 маусымда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.06.2023, 10:48 14481
Венгрияда мұғалімдер ереуілі тыйылмай тұр
Жиналған жұрт жаңа заңға қарсылықтарын білдірді
Достарға айту
Будапешт көшелеріне мыңдаған оқытушы наразылық шараға тағы шықты, деп хабарлайды 24 Хабар.
Жиналған жұрт жаңа заңға қарсылықтарын білдірді. Реформаға сәйкес, мұғалімдер мемлекеттік қызметкер мәртебесінен айырылады, ал бұл оларға жұмыс жүктемесін көбейтеді екен. Сондай-ақ ұстаздар жалақыны өсіріп, қолайлы жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Егер жаңа заң күшіне енсе, 5 мыңға жуық мұғалім жұмыстан кетеміз дейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
01.06.2023, 17:07 17271
Қазақстандық оқушыларға Ақордада экскурсия ұйымдастырылды
Сурет: Akorda
Достарға айту
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай еліміздің барлық өңірінен келген 70-ке жуық оқушыға "Ақорда" резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Олардың арасында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері бар.
Аталған шара аясында оқушылар резиденцияның бірінші қабатындағы Орталық салтанатты холл мен ресми қабылдаулар өткізуге арналған "Салтанат" залын, түрлі жиындар өтетін "Шығыс", "Мрамор", "Алтын" "Доғал" және басқа да келіссөздер залдарын тамашалады, сондай-ақ кітапхананы аралап көрді.
Бұдан бөлек, оқушылар еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректермен танысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
06.06.2023, 13:09Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мұхамедиұлының үстінен жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастамақ 06.06.2023, 13:17 7086Өскеменде құдық ішінен ер адамның денесі табылды06.06.2023, 13:36 6891ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі астық жинау болжамын жариялады06.06.2023, 13:43 6626Үкіметте жаз мезгілінде су қоймаларындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қаралды06.06.2023, 13:50 6516Президент ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельтті қабылдады
02.06.2023, 10:17 32781Солтүстік Қазақстан облысынан Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтеді02.06.2023, 16:29 32486Үкіметте полиэтилен өндіретін зауыт салу жобасы талқыланды02.06.2023, 16:08 319962023 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 12 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді02.06.2023, 15:52 31931Қазақстандық жастар арасындағы лудомания проблемасы талқыланды02.06.2023, 16:20 3192120 миллион теңге пара: елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысына қатысты іс сотқа жіберілді
08.05.2023, 22:00 54961"Отан Ана" монументіне гүл шоғын қою рәсімі25.05.2023, 17:37 54921ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 54181Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:25 49071Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды47456Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды