14.06.2022, 17:03 7491

Алматыда бір күнге екі ауданда ыстық су өшіріледі

Алматының Медеу және Алмалы аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі 20 маусымда ыстық судан ажыратылады.
Алматыда бір күнге екі ауданда ыстық су өшіріледі
АЛМАТЫ. 14 МАУСЫМ - Алматының Медеу және Алмалы аудандарындағы ғимараттардың бір бөлігі 20 маусымда ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылы 20 маусымда сағат 09.00 – ден 21.00 – ге дейін Медеу және Алмалы ауданы аумағындағы Қазыбек би – Қонаев – Төле би – Панфилов – Бөгенбай батыр – Назарбаев – Қабанбай батыр - Пушкин - Абдуллиндер көшелерінің контурындағы тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады", - деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметі.

 
Компанияда қайта құру кезеңінде тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету үшін уақытша құбыр желісін кесу үшін шектеулер енгізілетінін айтты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны