01.07.2022, 17:01 22401

Әлеуметтік желілерде Тоқаевтың уәде еткен төлемдері туралы жарнамасын жалған деп атады

ҚР Президентінің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем туралы жарлықтар жоқ.
Әлеуметтік желілерде Тоқаевтың уәде еткен төлемдері туралы жарнамасын жалған деп атады
НҰР-СҰЛТАН. 1 ШІЛДЕ - Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру салаларында жұмыс істейтін адамдарға және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы жарнама тарады. Бұл өтірік.
 
Хабарламада басты назар аударарлық жайт – оның ресми сайтта немесе беделді БАҚ-та емес, белгісіз аккаунтта жарияланғандығы.
 

ҚР Президентінің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем туралы жарлықтар жоқ. Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де ресми сайтында жоқ", - деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

 
Egov.kz электрондық үкімет порталында Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тізбесінде де денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлер 72 000 теңге алуға үміттене алатындығы туралы ақпарат жоқ.
 
Сайт ескертеді: алаяқтар жоқ төлемдердің төленетіні туралы бұған дейін де мәлімдеген. Осылайша, олар азаматтардың жеке деректерін, кейде ақшаларын иемденеді.
 
Ақпарат көзі: stopfake.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны