11.07.2022, 15:27 14781

Алматыда Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады

2022 жылғы 12-нен 15 шілде аралығында Маметова және Уалиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.
АЛМАТЫ. 11 ШІЛДЕ - Алматыда Мәметова мен Уәлиханов көшелерінің қиылысындағы қозғалыс уақытша жабылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылғы 12-нен 15 шілде аралығында Медеу ауданының аумағындағы Маметова және Уалиханов көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Аталған көшелердегі жүріс бөлігінің астында өтетін магистральдық құбыр учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны