15.08.2022, 15:52 10991

Қазақстанда оқу жылы ұзартылады

Қазақстанда оқу жылы ұзартылады
НҰР-СҰЛТАН. 15 ТАМЫЗ - Еліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті.
 

Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды", - делінген ведомствоның Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.

 
Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:
 
- күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);
 
- қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);
 
- көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).
 
1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.
 
Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны