24.01.2023, 09:11 18116

Антикор ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасарын ұстады

Ол бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді
Антикор ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасарын ұстады
Сурет: Polisia.kz
Астана. 24 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда, деп хабарлайды Антикор.

Жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан "ҚР Ұлттық мұражайы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталды", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.


Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны