06.03.2023, 10:35 31926

Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік күшейтілді

Заң аясында тәртіп бұзғандар 69 мың теңге айыппұл төлейді немесе 5-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынады
Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік күшейтілді
Астана. 6 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қоғамдық орындағы балағат сөз үшін айыппұл туралы заң күшіне енді.

Қоғамдық орында былапыт сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды.

Бүгіннен бастап Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Заң аясында тәртіп бұзғандар айыппұл төлейді немесе 5-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынады. Естеріңізде болса, 3 қаңтарда Мемлекет басшысы тиісті заңға қол қойған.

Ақпарат көзі: 24.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны