11.04.2023, 11:23 18311

Сенатор Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа мораторий жариялауды ұсынып отыр

Сенатор Алматының тау бөктеріндегі құрылысқа мораторий жариялауды ұсынып отыр
Жеке құрылыс компаниялары кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялануын жамылып, жер телімдерінің нысаналы мақсатын өзгертіп, беткейлерде тұрғын үй кешендерін салуда

Алматы. 11 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Сенат депутаты Андрей Лукин Алматының таулы аудандарында құрылысқа мораторий жариялауды ұсынды.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Андрей Лукин Алматының таулы жерлеріндегі заңсыз құрылыс пен алма бақтарының жойылуына қатысты мәселені көтерді.

Қоғам белсенділері, экологтар, сейсмолог мамандар, заңгерлер және қала тұрғындары күрделі мәселеге назар аударуды талап етіп отыр. Қоршаған ортаға залал келтіріліп жатыр. Осының салдары тұрғындардың өміріне елеулі қауіп төндіреді", - деді Андрей Лукин Премьер-Министр мен Бас прокурордың атына жолдаған депутаттық сауалында.


Оның айтуынша, кейінгі онжылдықта тау және тау етегінің бөлігінде қарқынды құрылыс жүріп жатыр.

Жеке құрылыс компаниялары кәсіпкерлікті тексеруге мораторий жариялануын жамылып, жер телімдерінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығы немесе бау-бақша шаруашылығынан жеке тұрғын үй құрылысына ауыстырып, кейін тау етегіне жақын жерлерде көпқабатты тұрғын үй кешендерін салып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі бұл аумақтардағы құрылыстар техногендік сипаттағы жер қабатының көшкініне әкелуі мүмкін екенін бірнеше рет мәлімдеді. Өйткені мұндай аумақтар күрделі құрылысқа жарамайды", - деді сенатор.


Осы орайда ол аталған жерлерді рәсімдеуге қатысты түрлі жарнамалар да жарияланып жатқанын айтты.

Андрей Лукин Үкіметке Алматы қаласының таулы және Алматы облысының Алматыға жақын аудандарының жерлеріне егжей-тегжейлі түгендеу жүргізуді ұсынды.

Оның пайымынша, қолданыстағы заңнамаға аталған жерлерде жеке құрылыс салуға толық тыйым салуды ескеретін өзгерістер енгізу керек. Бұдан бөлек, тиісті нормативтік-құқықтық актіні қабылдағанға дейін жер телімін бөлуге мораторий жариялау қажет.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны