13.09.2022, 16:19 28186

АҚДМ балаларға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау ережелерін бекітті

АҚДМ балаларға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтініштерді қарау ережелерін бекітті
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 ҚЫРКҮЙЕК - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кәмелетке толмағандарға қатысты кибербуллинг жөніндегі істерді қарайтын сараптамалық топ құру қағидаларын бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 
Бұйрық сондай-ақ мұндай істерді қарау тәртібін бекітеді.
 

Бұқаралық ақпарат құралдарын және (немесе) телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан да көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер баланың кибербуллингі болып табылады", - делінген құжатта.

 
Сараптама тобының төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері уәкілетті органның, баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан уәкілетті органның бұйрығымен айқындалады.
 

Сараптама тобы өз қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды", - делінген бұйрық мәтінінде.

 
Хатшы тоқсанына кемінде бір рет қаралған кибербуллинг фактілері туралы есепті дайындауды жүзеге асырады, ол уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
 
Сараптама тобының жұмыс тәртібі:
 
  • Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған кезде азамат не баланың заңды өкілі осы Қағиданың қосымшасына сәйкес балаға қатысты кибербуллинг фактілері бар интернет-ресурстың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы жазбаша нысанда немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді.
  • Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
  • Балаға қатысты кибербуллингтің расталған фактілері бойынша уәкілетті орган сараптама тобының шешімі негізінде нұсқаманы интернет-ресурстың еншік иесіне және (немесе) заңды өкіліне дереу жібереді.
  • Интернет-ресурстың меншік иесі және (немесе) заңды өкілі уәкілетті органның нұсқамасын алғаннан кейін жиырма төрт сағат ішінде балаға қатысты кибербуллинг деп танылған ақпаратты жою жөнінде шаралар қабылдайды.
  • Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге қазақ тілінде немесе өтініш берілген тілде жауап береді.
 
Уәкілетті орган Заңға сәйкес кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартады және қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге хабарлайды.
 
Егер өтініштің мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан немесе анықталып отырған интернет-ресурс көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны