09.01.2023, 11:51 33146
АӘК алушылар мүмкіндігі шектеулі балаларына қажетті тауарларды өз бетінше таңдай алады
Достарға айту
Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылды
Астана. 9 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енген атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына көрсетілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау, ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне қарай керекті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік беретін болады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардың ұсыныстарын ескере отырып, 2023 жылдан бастап кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы монетизациялау туралы шешім қабылданды. Монетизация АӘК алатын әрбір балаға ай сайынғы негізде 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қосымша ақшалай төлем түрінде жүзеге асырылды. Бұл ата-аналарға балалардың жеке қажеттіліктеріне байланысты қажетті тауарларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Ведомствода 2020 жылғы қаңтар айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына АӘК-ке қосымша әлеуметтік қолдау шарасы ретінде азық-түлік пен тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынылғанын еске салды.
2022 жылы әлеуметтік көмек алатын отбасының әрбір мүшесіне, яғни әр балаға АӘК-тің орташа мөлшері 6 650 теңгені құрады. Табысы аз отбасылардың балаларына қосымша ұсынылатын азық-түлік пен тұрмыстық жиынтықтың құны 5 174 теңге деңгейінде белгіленді.
Бұл ретте кепілдік берілген кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы алушылардан осы топтаманы заттай түрден ақшалай форматқа ауыстыру туралы ұсыныстар жиі келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, мүгедектерге қамқорлық жасайтын туыстары мемлекеттен жалақы алатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
19.06.2026, 19:17 28986
Түркістан облысында мақта алқаптарын суару жұмыстары басталды
Достарға айту
Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы биыл Жетісай ауданындағы алғашқы мақта алқаптарына су жеткізе бастады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметінен.
Төлеген ата" шаруа қожалығы суармалы суды К-30 каналы арқылы алып отыр. Егістік алқаптарын суаруға кіріскен диқандар биыл судың қажетті көлемде және тұрақты түрде беріліп жатқанын айтып жатыр.
Биыл 9,5 гектар алқапқа мақта ектік, қазір алқапты суаруды бастадық. Су мол, тұрақты келіп жатыр. Ол үшін Су ресурстары және ирригация министрлігіне алғысымызды білдіреміз", - деді "Төлеген ата" шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Қуатбек.
Айта кетейік, жыл басынан бері "Қазсушар" РМК-ның Түркістан филиалы Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігі үшін 340 млн текше метрден астам су жеткізді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
18.06.2026, 10:34 42756
Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Достарға айту
20 маусымнан бастап Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі бөлігінде пилоттық режимде қоғамдық көліктің арнайы жолағы жұмыс істей бастайды, деп хабарлайды Қазинформ Алматының жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасына сілтеме жасай отырып.
Жобаны іске қосу аясында жол қызметтері арнайы сары түсті жолақтарды сызу және тиісті жол белгілерін орнату жұмысын бастап кетті. Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Басқарма өкілдерінің мәліметінше, арнайы жолақты енгізудің мақсаты - қоғамдық көлік қозғалысының тиімділігін арттыру, жол қозғалысын реттеу және қаланың ең қарқынды көлік дәліздерінің бірінде қауіпсіздікті күшейту, деп көрсетілген хабарламада.
Жаңа қозғалыс схемасы автобустардың тұрақты әрі болжамды қозғалысын қамтамасыз етуге, жалпы көлік ағынындағы кідірісті азайтуға және маршруттардың қозғалыс кестесінің сақталуын жақсартуға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Пилоттық режим қабылданған шаралардың тиімділігін бағалауға және жол қозғалысына қатысушылардың өзгеріске кезең-кезеңімен бейімделуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ведомство осыған байланысты жүргізушілерден жол белгілері мен жол таңбаларына мұқият назар аударып, бағытын алдын ала жоспарлауды ескертті.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда автобустар Саин көшесінің ұзартылған бөлігімен жүре бастағанын жазғанбыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 17:32 52761
Emirates әуе компаниясы Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алматы мен Дубай арасында енді жүк тасымалымен айналысатын ұшақтар қатынайды, деп хабарлайды Қазинформ.
2026 жылдың 16 маусымында Emirates SkyCargo компаниясы Дубай – Алматы бағыты бойынша Boeing 777F ұшағымен алғашқы жүк тасымалын жасады.
Алматы халықаралық әуежайының мәліметінше, алғашқы жүк рейсін орындаған ұшақ авиациядағы дәстүр бойынша су доғасымен қарсы алынған. Қызметкерлер экипаж мүшелерін салтанатты түрде күтіп алып, тұсаукесер рәсімін өткізген.
Алматы – Дубай – Алматы бағыты бойынша апталық жүк рейстері әр сейсенбі күні орындалады. Әуе компаниясы аптасына 100 тоннадан астам жүк тасымалдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бұл Алматы мен халықаралық нарықта электроника, тез бұзылатын өнімдер, өнеркәсіптік жабдықтар және басқа да тұтыну тауарларын қоса алғанда, әртүрлі жүк түрлерін тиімді әрі үздіксіз тасымалдауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады әуежайдан.
Алматы Emirates SkyCargo компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағытына айналған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 17:12 53081
Еліміздің СІМ АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған жерлесімізге қатысты пікір білдірді
Достарға айту
Еліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қазақстан азаматы туралы ақпараттан хабардар екенін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп, барлық мән-жайлар анықталуда. Қосымша ақпарат ресми деректер келіп түскен кейін ұсынылатын болады", - деп хабарлады СІМ Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қойған сауалға берген жауабында.
БАҚ тараған ақпараттарға сүйенсек, 5 маусым күні америкалық арнайы қызметтер Қазақстан азаматын Коммерс қаласында ұстаған. Басылымдардың хабарлауынша, ұсталған азамат террорлық құрылымдармен байланысы болуы мүмкін деген күдікке іліккен.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Чикаго қаласында із-түзсіз жоғалған қазақстандықтың қаза тапқанын растаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.06.2026, 14:20 54176
Алматы тұрғындары Көкжайлауға баратын бағыт бойындағы ағаштарға салынған белгілерге алаңдаушылық танытуда
Достарға айту
Алматы тұрғындары Казачка шатқалы арқылы Көкжайлауға баратын жол бойындағы ағаштарға белгілер салынғанына алаңдаушылық танытып, ағаштардың фото және бейнематериалдарын агенттік редакциясына жолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, ағаш діңдеріне әртүрлі белгілер, соның ішінде цифрлар да бейнеленген. Бұл тауда серуендейтін тұрғындардың алаңдаушылығын тудырып, жасыл желектердің кесілуі мүмкін күдіктің пайда болуына себепкер болып отыр.
Ағаштардағы белгілер үлкен мәселе болып тұр... Егер орман шаруашылығы құрылыстың қарқынды дамуын пайдаланып, осыншама ағашты жойып жіберсе, бұл нағыз қылмыс болады. Белгі қойылған ағаштардың басым бөлігінде қурау немесе жойылу белгілері мүлдем байқалмайды",- делінген редакцияға жолданған хатта.
Кадрлардан ағаш діңдерінің қабығы аршылған тұстарына цифрлар мен басқа да белгілер салынғанын көруге болады. Алайда әзірге бұл аумақтағы ағаштарды таңбалаудың себептері туралы ресми ақпарат жоқ.
Тұрғындардың өтініштеріне байланысты агенттік Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі әкімшілігіне, сондай-ақ сала мамандарына ағаштардағы белгілердің мақсатын түсіндіру туралы сұрау жолдады. Редакция ресми түсініктемелерді күтуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 12:31 67911
Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады
Достарға айту
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз ету және кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу көзделген. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде: жыл сайын нысандардың кемінде 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы Картадағы нысандардың 20%-ы, 2024 жылы - 40%-ы, 2025 жылы - 60%-ы, 2026 жылы - 80%-ы, ал 2027 жылы 100%-ы толық бейімделуі жоспарланған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
2026 жылдың соңына дейін республика бойынша 34 318 нысанды бейімдеу көзделген. 2026 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша 30 571 нысан толық бейімделіп, жоспарланған көрсеткіштің 71%-ын құрады.
Бейімделген нысандардың ішінде денсаулық сақтау ұйымдары - 5 020; білім беру ұйымдары - 9 574; мәдениет нысандары - 2 257; сауда және қызмет көрсету нысандары - 6 369; мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар - 4 222; өзге де нысандар - 3 129.
Ең көп бейімделген нысандар Алматы қаласында (6 189 нысан), Түркістан (2 512 нысан), Қызылорда (1 887 нысан) облыстарында, Шымкент қаласында (1 623 нысан), Атырау облысында (1 559 нысан) және Астана қаласында (1 456 нысан) орналасқан.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған. Нысандарды бейімдеу кезінде кіреберістің қолжетімділігіне, санитариялық-гигиеналық бөлмелерге, навигация жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың барлық санаты үшін қауіпсіз әрі дербес қозғалуына жағдай жасауға ерекше назар аударылады.
Мүгедектігі бар азаматтардың пікірінше, жүзеге асырылып жатқан шаралар олардың өмір сүру сапасын арттырып, қоғамдық өмірге белсенді араласуына жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Жыл сайын кедергісіз орта аясы кеңейіп келеді және бұл біздің өмір сапамызға тікелей әсер етеді. Әсіресе қоғамның көзқарасы өзгеріп жатқаны қуантады: кәсіпкерлер мен нысан иелері инклюзияның шынайы маңызын түсіне бастады. Өйткені қолжетімді орта - ең алдымен біздің тәуелсіздігіміз", - дейді бірінші топтағы мүгедектігі бар Дастан Раушанбеков.
Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары мемлекеттік инклюзивті саясат аясында белгіленген жоспарларға сәйкес еліміздің барлық өңірінде жалғасатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.06.2026, 09:44 69106
ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ішкі істер министрлігі азаматтарға күш құрылымдары мен құқық қорғау органдары басшыларының аты-жөні мен фотосуреттерін пайдалану арқылы жасалатын алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасады.
Хабарламаға сәйкес, қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар ашып, өздерін лауазымды тұлға, бұрынғы әріптес немесе таныс адам ретінде көрсетеді. Әртүрлі сылтаумен шұғыл түрде қарызға ақша беруді сұрайды.
Сондай-аө, ақша аударуды сұраған хабарламаларға, тіпті олар өзіңіз танитын адамның атынан келсе де сенбеуді, ешкімге SMS-кодтарды, банк картасының деректерін, құпиясөздерді және басқа да жеке мәліметтерді бермеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды орнатпауды ескертеді.
Осындай хабарламалар алған жағдайда, ақпараттың рас-өтірігін міндетті түрде өзіңіз білетін телефон нөмірі немесе ресми байланыс арналары арқылы тексеріңіздер", - деді ІІМ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.06.2026, 12:09 104281
Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2026 жылдың басынан бері Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда түрлі іс-шараларға қатысқан белсенді волонтерлер санының өсуі бойынша оң динамика байқалып отыр. Олардың саны 200 мың адамға жетті.
Еске салсақ, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы 2026 жылды Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық еріктілер жылы деп жариялаған болатын. Бұл бастама Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың дамуына маңызды серпін берді.
Жыл аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі 23 сәуірде Астанада өткен өңірлік экологиялық саммит шеңберіндегі "Волонтерлік және экологиялық іс-қимыл" атты сессия болды. Аталған іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сюй Хаолянь және Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Корея Республикасы, Жапония мен Ауғанстаннан келген 200-ге жуық қатысушы қатысты.
Сонымен қатар волонтерлер қауымдастығының қатысуымен тарихи-мәдени нысандарды абаттандыруға бағытталған "Мәдени мұраны бірге сақтайық" акциясы, "Игі істер марафоны" ұлттық жобасының көктемгі кезеңі және халықаралық "Таза жағалаулардың бірыңғай іс-қимыл күні" акциясы өткізілді.
Сондай-ақ жыл басынан бері шамамен 120 мың волонтер "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысты.
Бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Осы мақсатта еліміздің ірі қалаларында 250-ден астам белсенді волонтердің қатысуымен көшпелі фокус-топтар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 120-ға жуық ұсыныс пен ұсыным жиналды. Сонымен қатар экологиялық волонтерлікті дамыту бағдарламасы дайындалу үстінде.
Бұдан бөлек, биыл республикада Волонтерлікті дамытудың ұлттық индексі мен Волонтердің цифрлық паспорты енгізіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы волонтерлердің жұмысын Ұлттық фронт-офис үйлестіреді. Сондай-ақ өңірлерде 20 фронт-офис, бірыңғай колл-орталық және 1200-ден астам жобаны және 3884 ұйымды біріктірген Qazvolunteer.kz онлайн платформасы жұмыс істейді. Қазіргі кезде 56 волонтерлік жоба мен әрқайсысы 1 миллион теңгеден болатын 60 шағын грант іске асырылып жатыр.
БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен бірлесіп Алматы қаласындағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығы базасында "Азиялық волонтерлерді даярлау орталығын" құру мәселесі пысықталуда.
Сондай-ақ толық қаржыландыру бағдарламасы аясында қазақстандық 5 волонтер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) миссияларына Аргентина мен Қытайға жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
19.06.2026, 09:30Еңбек министрлігі зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобын құрды 19.06.2026, 09:58 45511Қазақстан СІМ Вьетнам еліне кірудің жаңа жүйесінің іске қосылғанын хабарлайды19.06.2026, 14:20 40306Үкіметте ауыл шаруашылығы өнімдеріне қатысты ҚҚС бойынша жеңілдіктерді қолдану тәртібі қаралды19.06.2026, 14:26 400112025 жылы 94 елді мекендегі 354 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізді19.06.2026, 16:14 37376Солтүстік Қазақстанда Алтын Орда дәуіріне қатысты жаңа деректер табылды
17.06.2026, 10:08 71601Қазақстан мен Иран көлік дәлізі мен порт инфрақұрылымын дамытуды жеделдетпек16.06.2026, 09:44 68761ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті16.06.2026, 12:31 67566Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жалғасады17.06.2026, 15:02 65391Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 4,8 млрд АҚШ долларына жетті18.06.2026, 19:35 59496Алматыда МАГАТЭ-нің зерттеу реакторлары жөніндегі халықаралық конференциясы өтеді
22.05.2026, 20:31 251831Үкіметте ЕАЭО-ның шекарасындағы өткізу пункттерін жаңғырту мәселелері талқыланды22.05.2026, 17:13 237536Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады22.05.2026, 14:48 207966ШҚО-да "Ұлан" көлік-логистикалық кешені пайда болады21.05.2026, 13:04 195041Италия сенаторы Қазақстандағы саяси реформалардың жоғары деңгейін атап өтті21.05.2026, 14:05 195026Қазақстан мен БАӘ авиация мен инвестиция саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

