01.07.2021, 20:36 14600

Ақмола жастары Еңбек Ері Иван Сауэрмен кездесті

КӨКШЕТАУ. 1 ШІЛДЕ - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Елорда күні қарсаңында Целиноград ауданының Родина ауылында аудан жастарының "Агрофирма "Родина" ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Иван Сауэрмен кездесуі өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Целиноград ауданының Родина ауылы және Иван Сауэр басқаратын аттас "Агрофирма "Родина" ЖШС туралы бүкіл республика біледі. Ауылда өмір сүру үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Жабық хоккей корты, спорт және ойын кешендері бар мәдениет және демалыс саябағы, кітапхана, сұлулық салоны, православие шіркеуі және басқа да инфрақұрылым салынды. Кәсіпорын қаражаты есебінен барлық әлеуметтік нысандар ұсталып, жөнделуде", - деді облыстық ІСБ баспасөз қызметі.

 
Кездесу барысында Иван Сауэр кәсіпорын бойынша экскурсия өткізіп, балаларға өзінің өмірлік және кәсіби жолы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен танысуы туралы айтып, кеңестерімен бөлісті және нұсқаулар берді.
 

Әрине, менің еңбек жолымның басында оңай болған жоқ. Бірақ, ықылас пен табандылықтың арқасында уақыт өте келе бәрі жақсарды. Табысқа жету үшін адал және тынымсыз жұмыс істеу керек, сонда сіз міндетті түрде жетістікке жетесіз", - деді танымал меценат қатысушыларға.

 
ІСБ хабарлағандай, Родина ауылдық округінде бүгінде екі мыңға жуық адам тұрады, олардың жеті жүзі "Агрофирма "Родина" ЖШС-де жұмыс істейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны