02.03.2023, 08:33 34336

Ақтауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді

Қозғалыс шектеулері қарастырылған
Ақтауда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді
Сурет: polisia.kz
Ақтау. 2 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Бүгін, 2 наурыз күні, Ақтау қаласының аумағында, қалалық әкімдік ауданында (4 шағын аудан) терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Оларды өткізу кезеңінде шектеу шаралары көзделетін болады. Көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы ішінара шектеледі", - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.


Іс-шара аса маңызды мемлекеттік объектілерде террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында өткізіледі.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және сабырлық сақтауды сұраймыз", - деп атап өтті полицияда.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны