10.01.2022, 13:34 10226

ААК ішкі және халықаралық әуерейстердің орындалуы туралы хабарлады

2022 жылдың 10 қаңтарында барлығы 193 рейс жоспарланған, оның ішінде 2 рейс кешіктіріліп, 102 рейс тоқтатылды.
ААК ішкі және халықаралық әуерейстердің орындалуы туралы хабарлады
НҰР-СҰЛТАН. 10 ҚАҢТАР - Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация комитетінде ішкі және халықаралық әуерейстердің орындалуы және тоқтатылуы туралы айтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
2022 жылдың 10 қаңтарында барлығы 193 рейс жоспарланған ("Эйр Астана" және "Fly Arystan" - 134, "SCAT" – 37, "Qazaq Air" – 22), оның ішінде 2 рейс кешіктіріліп, 102 рейс тоқтатылды. 
 

Рейстердің кешігуі мен тоқтатылуының негізгі себептері – Алматы қалаласының әуежайы жабылуы", - деп түсіндірді ведомствода.

 
2022 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласынан/Нұр-Сұлтан қаласына Мәскеу, Дубай, Варшава, Франкфурт, Ташкент, Ыстамбұл, Пхукетке 19 халықаралық рейсті орындау жоспарланып отыр.
 
Франкфурт пен Екатеринбургке/тен төрт рейс тоқтатылды.
 
Сондай-ақ, комитетте 10 қаңтардан бастап "Аэрофлот" әуе компаниясы Нұр-Сұлтанға рейстерді қайта бастағанын хабарлады.
 

"Аэрофлот" әуе компаниясының Мәскеуден Нұр-Сұлтанға алғашқы рейсі жергілікті уақыт бойынша 10:35-те келді. Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағыты бойынша рейсті жергілікті уақыт бойынша сағат 12:05-те орындау жоспарланған", - делінген хабарламада.

 
Ведомство "Аэрофлот" әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болатындығын нақтылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:ААКРейс

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны