20.09.2022, 15:55 9296

Air Astana поштаны жеткізудің жаңа қызметін іске қосады

Air Astana поштаны жеткізудің жаңа қызметін іске қосады
АСТАНА. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Air Astana "Есіктен – есікке дейін" MyMAIL пошта жеткізудің жаңа қызметін іске қосқаны туралы хабарлайды.
 
Қазір пилоттық режимде Алматы мен Астана қалалары арасында жедел поштаны жеткізу Air Astana компаниялар тобының тікелей рейстерімен қолжетімді.
 
Жеткізу туралы өтінішті https://mymail.airastana.com/ сайтында сәлемдеменің түрі мен салмағы, сондай-ақ жөнелтуші мен алушының мекенжайы көрсетілген онлайн режимінде жасауға болады. Қызметтің құны – жөнелтетін және қабылдайтын әуежайлардан алушының мекенжайының қашықтығына байланысты. Тапсырыс нөмірі бойынша сәлемдемені қадағалау функциясы қолжетімді.
 

Жеткізуге қабылданатын заттар: Салмағы 5 келіге дейінгі жазбаша хат-хабар; Салмағы 5 келіге дейінгі және 35х45х15см-ден аспайтын сәлемдемелер; Құжаттардың түпнұсқасы (соның ішінде төлқұжат, жүргізуші куәлігі және т.б.)", - деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

 
Әуежайда қауіпті жүк пен жөнелтуге тыйым салынған заттардың бар-жоғын визуалды тексеру үшін жөнелтілімдер жабылмаған түрде қабылданады. Жөнелтуге тыйым салынған заттар тізімі mymail.airastana.com сайтында жарияланған. Тұтынушылар қалауы бойынша сәлемдемесін жеткізілетін қаланың әуежайына дейін рәсімдей алады.
 
Анықтама үшін телефон: +7 727 270 3140, +7 727 270 3053.
 
Ақпарат көзі: aikyn.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны