26.04.2022, 16:55 14476

Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға рейстер ашады

Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға рейстер ашады
НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Лондонға (Ұлыбритания) және Бодрумға (Түркия) ұша бастайды.
 

12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Лондон халықаралық рейсін орындайды. Жолда Ақтау қаласының әуежайына тоқтайды. Осылайша аптасына 2 рет бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды. Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады. Нұр-Сұлтан қаласынан баратын жолаушылар Ақтау – Лондон рейсіне Нұр-Сұлтан – Ақтау ішкі рейсі арқылы жетіп, ұша алады", - деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.

 
Әуе компаниясының мәліметтері бойынша, КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те жетеді. Ақтау қаласынан Лондонға сағат 14.05-те ұшып, Лондонға сағат 16.50-де жетеді. 18.05-те кері ұшып, Ақтауға сағат 04.10-да жетеді. Ақтаудан Алматыға 05.10-да шығып, сағат 09.00-де келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды. 
 

Ұлыбританияға кіру үшін ПТР мен вакцинация қажет емес. 31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді", - деп хабарлады Air Astana.

 
Сонымен қатар, 27 мамырдан бастап әуекомпания сейсенбі және жұма күндері Airbus A321 әуе кемесінде Алматы – Бодрум тұрақты рейсін іске қосады. 27 мамырдан 7 маусымға дейін Бодрумнан Алматыға ұшатын эконом-класс үшін науқандық тарифтер қолжетімді.
 
КС 659 рейсі Алматыдан сағат 08.30-да ұшып, Бодрумға сағат 11.50-де жетеді. КС 660 кері рейсі Бодрумнан сағат 13.45-те ұшып, Алматыға сағат 22.05-те келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген.
 

Вакцина салдырмаған 12 жастан асқан жолаушыда рейс ұшқанға дейін 72 сағат бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Сондай-ақ 48 сағат ішінде жасалған антигенді анықтайтын экспресс тест жарамды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 230 743 теңгені, бизнес-класта 623 675 теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: sputnik.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны