08.07.2022, 15:49 19206
Air Astana Еуропадан ұшып келетін туристерге жүктің кешігіп қалуы мүмкін екенін ескертті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Жазғы навигацияның басталуымен Еуропаның әуе айлақтары қызметкерлер жетіспеушілігіне тап болды, өйткені олар пандемия кезінде қысқарған болатын және рейстерге қызмет көрсетуде қиындықтар туындады.
Бұл қиындықтар жолаушыларға қызмет көрсетуге де, багажды өңдеуге де байланысты.
Салдарынан соңғы бірнеше аптада түрлі авиакомпаниялардың жүздеген жолаушысы багажын бірнеше сағат күтуге мәжбүр болды.
Ал кейбір саяхатшылар әлі ала алмай келеді. Мысалы, Франкфурт әуежайында шамамен 12 мың жүк әлі берілген жоқ, оның арасында қазақстандық авиакомпания жолаушыларының багаждары да бар.
Әуе компаниясы еуропалық әуежайлардан, атап айтқанда Франкфурт әуежайынан келетін жолаушылардан багаж күтуде түсіністік пен төзімділік танытуды сұрайды. Жүкті тез арада жеткізу үшін бар күшімізді саламыз. Багаж мәселесі бойынша өтінішті help.airastana.com порталына жазуға болады. Air Astana еуропалық әуежайлардағы форс-мажор салдарынан туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұрайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
29.05.2026, 15:52 3786
Ел аумағына 200 тоннадан астам бүлінген астықты кіргізуге тосқауыл қойылды
Достарға айту
ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті аумақтық инспекцияларының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында елімізге залалданған ірі көлемдегі карантиндік өнімдерді әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында Ресейден карантиндік және фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарын сақтамаған 200 тоннадан астам азық-түлік астығы - бидай мен арпа анықталды. Импортталған өнімдерден қауіпті карантиндік нысандар, атап айтқанда үш тілімді ойраншөп, жатаған кекіре (қызғылт) және арамсояу анықталды.
Инспекторлар жедел шараларының арқасында жүктің 128 тоннадан астам бөлігі экспорттаушы елге кері қайтарылды.
Өнім иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Іс материалдары қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін сот органдарына жолданды.
Министрлік еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы мен Қазақстан экожүйесіне қауіп төндіретін өнімдердің әкелінуіне жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
25.05.2026, 14:54 45911
Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады
Сурет: Vietjet
Достарға айту
Бүгін Vietjet әуе компаниясы Алматы (Қазақстан) - Ханой (Вьетнам) және Алматы - Прага (Чехия) бағыттары бойынша жаңа тікелей рейстердің іске қосылғанын ресми түрде жариялады. Бұл Vietjet халықаралық маршруттық желісін кеңейтудегі маңызды кезең болып табылады және Азия-Тынық мұхиты өңірі мен Еуропа арасындағы саяхаттарға жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ әуе компаниясының Еуропалық одақ (ЕО) нарығына шығуын білдіреді. Жаңа бағыттар 20 ел мен аумақтағы 186-дан астам бағытқа ыңғайлы түйісулерді қамтамасыз етеді.
2026 жылғы 10 қазаннан бастап рейстер Airbus A330 ұшақтарымен аптасына 2 рет - сейсенбі және сенбі күндері орындалады. Ұшу кестесі төмендегідей:
- Алматы - Ханой: Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 08:10-да ұшу, Ханойға сол күні жергілікті уақыт бойынша 16:20-да қону.
- Ханой - Алматы: Ханойдан 08:25-те ұшу, Алматыға сол күні жергілікті уақыт бойынша 12:50-де келу.
- Алматы - Прага: Алматы халықаралық әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 14:20-да ұшу, Прагаға сол күні жергілікті уақыт бойынша 18:55-те қону.
- Прага - Алматы: Прагадан 20:30-да ұшу, Алматыға келесі күні жергілікті уақыт бойынша 07:10-да келу.
Алматы - Ханой және Алматы - Прага бағыттарында жолаушылар барлық алымдар мен салықтарды қоса есептегенде, бір бағытқа арналған Deluxe тарифіндегі билеттерді 185 000 теңгеден (*) бастап сатып ала алады. Тарифке 40 кг тіркелетін жүк, 10 кг қол жүгі, сондай-ақ борттағы ыстық тамақ кіреді. Сонымен қатар Deluxe жолаушыларына рейсті тегін өзгерту (**) және орын таңдау мүмкіндігі ұсынылады.
Билеттер қазірдің өзінде Vietjet Air әуе компаниясының ресми сайтында, мобильді қосымшасында, сондай-ақ бүкіл әлемдегі уәкілетті сату кеңселері мен агенттіктерде қолжетімді.
Eco және Deluxe тарифтерінен бөлек, жолаушылар премиум сервис, талғампаз тағамдар мен жеке қызмет көрсетуді қамтитын Business немесе SkyBoss кластарын таңдай алады.
Бұл - Vietjet-тің жаһандық авиациялық топқа айналу жолындағы маңызды белес. Заманауи әуе флоты, озық технологиялар және үнемі кеңейіп келе жатқан маршруттық желі арқасында Алматыдан жаңа рейстерді іске қосу - Қазақстанды Вьетнаммен және Еуропамен байланыстыру миссиямыздағы стратегиялық қадам. Біз заманауи A330 ұшақтарын пайдалана отырып, қарқынды дамып келе жатқан нарықтар арасында көпір орнатып, саяхаттарды қолжетімді әрі ыңғайлы етеміз. Жаңа бағыттар Қазақстан, Вьетнам және Чехия арасындағы туризмді, іскерлік ынтымақтастықты және мәдени алмасуды айтарлықтай нығайтады деп сенеміз", - деді Vietjet бас директоры Нгуен Тхань Шон.
Vietjet Қазақстан, Вьетнам және Чехия арасындағы мәдени, экономикалық және туристік байланыстарды дамытуға үлес қосуды мақсат етеді. Заманауи әуе паркі мен жоғары сервис деңгейінің арқасында әуе компаниясы жолаушыларға жайлы әрі есте қаларлық сапарларды ұсынады. Оның ішінде вьетнамдық және халықаралық асханадан ұсынылатын фирмалық ыстық тағамдар да бар.
Vietjet туралы
Заманауи Vietjet әуе компаниясы Вьетнамның авиация саласын ғана өзгертіп қоймай, өңір мен әлемдегі саланың пионерлерінің біріне айналды. Қазіргі уақытта әуе компаниясы 135 ұшақты пайдаланады және кең әрі тар фюзеляжды үлгілерді қоса алғанда, шамамен 600 әуе кемесіне тапсырыс берген. Шығындарды тиімді басқару, жоғары операциялық көрсеткіштер және ең жаңа технологияларды енгізу арқылы Vietjet жолаушыларға қолжетімді әрі икемді тарифтерді, сондай-ақ түрлі қажеттіліктерге сай қызметтердің кең ауқымын ұсынады.
Vietjet Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) толыққанды мүшесі және IOSA сертификатына ие. Әуе компаниясы AirlineRatings.com порталынан қауіпсіздік бойынша ең жоғары - 7 жұлдыз рейтингін алған, сондай-ақ Airfinance Journal нұсқасы бойынша қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігі жоғары әлемдегі үздік 50 әуе компаниясының қатарына бірнеше рет енген. Сонымен қатар Vietjet Skytrax, CAPA және AirlineRatings секілді беделді ұйымдар тарапынан үздік лоукостер әуе компаниясы ретінде танылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2026, 15:18 74411
Алматыда Тарақты руының Наурыз мерекесіне арналған кең ауқымды басқосуы өтті
Сурет: Скриншот
Достарға айту
2026 жылғы 16 мамыр күні Алматы қаласында Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне арналған Тарақты руының кең ауқымды рухани басқосуы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл тағылымды шара Орта жүздің ноқта ағасы саналатын Тарақты жұртының бірлігін нығайтуға, рухани сабақтастықты жалғауға және ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналды.
Алматыдағы бұл игі жиын ел ішіндегі ынтымақ пен өзара сыйластықты арттыруға бағытталған маңызды рухани басқосулардың бірі ретінде өтті. Іс-шара Алматы қаласы Тарақты руының басшысы Әбіләкім Бекболұлы Сурмановтың бастамасымен және ел ағаларының қолдауымен ұйымдастырылды.
Тарихы терең, елдік дәстүрі мен ауызбіршілігімен танылған Тарақты руы үшін бұл басқосу тек мерекелік кездесу емес, ұрпақтар сабақтастығын жалғаған рухани алаңға айналды.
Мерекеге Алматы қаласы мен Алматы өңірінің Тарақты өкілдері, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген Тарақты руының ақсақалдары, ру басшылары және ел азаматтары қатысты. Атап айтқанда, Түркістан қаласынан республикалық деңгейдегі ру басшысы Мұса Қасымханұлы Жұмашев, Түркістан қаласынан ру басшысы Аманкелді Кенжеәліұлы Достияров, Қосмезгіл ауылынан ру басшысы Құрманәлі Қасқабекұлы Құдайбергенов, Жаңаарқа ауданынан ру басшысы Қабдраш Түйтеұлы Әбдішев, сондай-ақ Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Талдықорған қалаларынан және Шиелі мен Созақ өңірлерінен келген қадірлі қонақтар қатысты.
Мерекелік іс-шара таңғы 10:00-де "Тарбағатай" банкет залының ауласында басталды. Арнайы киіз үй тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Қонақтарға дәстүрлі Наурыз көже ұсынылып, көктемнің шуақты күні мерекелік көңіл-күйді арттыра түсті.
Алғашқы сөз кезегі ақсақалдарға беріліп, ел бірлігі мен ынтымағына арналған баталар жасалды. Ашімхан аға, Есіркеп аға және өзге де ел ағалары ақ тілектерін арнады.
Одан кейін республикалық деңгейдегі ру басшысы Мұса Қасымханұлы ел бірлігі, рухани сабақтастық және жас ұрпақ тәрбиесі жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.
Ал Алматы қаласы Тарақты руының басшысы Әбіләкім Бекболұлы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, татулық пен бірлікті сақтау, мұндай игі басқосуларды дәстүрлі түрде жалғастырудың маңызын атап өтті.
Жиын барысында "Тарбағатай" банкет залының алаңын ұсынған Әмина апайға да сөз беріліп, ол ағайынға ақ тілегін жеткізді.
Мерекелік бағдарлама аясында ұлттық әндер мен жыр-термелер орындалып, қазақтың дәстүрлі өнері кеңінен дәріптелді.
Кейін қонақтар банкет залына өтіп, ақ дастарқан басында бас қосты. Бұл сәтте ата-баба рухына Құран бағышталып, ел амандығы мен берекесіне арнап дұға жасалды. Ақсақалдар мен ру басшылары ел бірлігі, ұрпақ тәрбиесі және ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде пікір алмасты.
Осы рухани жиында қазақтың дәстүрлі ғұрыптары да көрініс тапты. Жас сәбиге арналған тұсау кесу рәсімі өткізіліп, оның өмір жолына ақ жол тілеп, ақсақалдар батасын берді. Сондай-ақ жаңа туған нәрестеге азан шақырып ат қою рәсімі жасалып, сәбидің құлағына азан айтылып, есімі жария етілді.
Мерекелік басқосуды Тараз қаласынан арнайы келген белгілі асаба, Тарақты руының өкілі Бегалы Скаков жүргізді. Ол Тарақты жұртының тарихын терең білетін азамат ретінде, өз шығармашылығындағы руға арналған авторлық жыр-термелерін орындап, басқосудың рухани мазмұнын айрықша байыта түсті.
Мерекелік басқосуда алыстан келген қонақтар мен ақсақалдарға ерекше құрмет көрсетілді. Тарақты руының басшылары Мұса Қасымханұлы мен Әбіләкім Бекболұлына ұлттық нақыштағы шапандар мен этно-киім үлгілері тарту етілді.
Жиын соңында Алматы қаласы Тарақты руының басшысы Әбіләкім Бекболұлы қорытынды сөз сөйлеп, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барлық азаматтарға алғыс білдірді. Әсіресе ұйымдастыруға үлес қосқан Қалданов Қайрат, Ғалымғазы Нұрғазин, Оразалы Исабеков, Қуаныш Исмаилов және өзге де азаматтардың еңбегі ерекше аталды.
Бұл басқосу соңғы жылдардағы Тарақты жұртының Алматы қаласындағы ең ауқымды әрі тағылымды рухани жиындарының бірі ретінде есте қалды. Ағайын қайта қауышып, ақсақалдар батасын беріп, жастар ұлттық дәстүрден тағылым алды.
Береке мен бірлік - ұлттың басты байлығы. Тамыры терең Тарақты жұрты ғасырлар бойы сақтап келген ынтымақ пен татулық дәстүрін бүгінгі ұрпаққа аманат етіп келеді. Бірлігі бекем елдің болашағы да баянды болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2026, 17:40 75331
Балық шаруашылығы комитеті итбалықтардың қырылуына қатысты түсінік берді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті 19 мамырда Каспий теңізінің жағалауынан табылған өлі итбалықтар туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
2026 жылғы 19 мамырда Каспий теңізі мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы және Түпқараған ауданының жергілікті атқарушы органымен бірлесіп, Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында жағалауда қатты ыдыраған (2-4 кезең) 35 итбалық өлексесін анықтады.
Айта кету керек, өлі итбалықтардың жағаға шығарылуы батыстан соққан күшті дауылдың салдарынан болып тұрады. Дегенмен, барлық итбалықтардың өлімі бір уақытта болуы мүмкін. Каспий итбалығын зерттеуді жүзеге асыратын ғылыми ұйым (Гидробиология және экология институты) сынамаларды (тіс, жүн және тырнақ) алды. Ал, Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті су мен топырақ үлгілерін жинады. Табылған өлекселердің қатты ыдырауына байланысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің ветеринариялық қызметі жұқпалы ауруларға патологиялық материалдың сынамаларын жинай алмады", - делінген хабарламада.
Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жұмыстары әлі жүрып жатыр. Жергілікті атқарушы орган балық инспекциясымен, "Каспий итбалығы" МТР-мне, "Qazaq balyk" республикалық балық шаруашылығы және аквашаруашылығы қауымдастығымен бірлесе отырып, өлекселерді жинап, санитарлық нормаларды сақтай отырып кәдеге жаратты.
Гидробиология және экология институты зерттеушілерінің айтуынша, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын өлгенімен, жақында ғана батыстан соққан дауыл Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының жағалауында жағаға шығып қалған. Сонымен қатар, ғалымдар көп жылдар бойы жүргізілген зерттеулерге сүйене отырып, итбалықтардың өлімі иммундық жүйенің әлсіреуінен және жұқпалы ауруларға бейімділікке әкелетін жалпы қарсылықтан болуы мүмкін деп санайды. Жағалаудағы мониторинг жұмыстары жалғасуда, жағдай тұрақты бақылауда", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2026, 19:17 110421
Ақтөбеде "Ақтөбе - тарының астанасы" атты ауқымды гастрофестиваль өтеді
Достарға айту
30 мамыр күні Ақтөбе қаласы дәм мен дәстүрге толы мереке ортасына айналады. Қаладағы "Астана" саябағында "Ақтөбе - тарының астанасы" атты ауқымды гастрофестиваль өтеді.
Келуші қонақтарды таңғы 11:00-ден бастап ұлттық рух пен хош иіске толы атмосфера күтпек. Күн бойы жалғасатын мереке кешкі 17:00-ге дейін Ақтөбенің аграрлық дәстүрі мен заманауи гастрономиялық мүмкіндігін тоғыстырады. Сонымен қатар, "Әнім сенсің - Ақтөбе" этнофестивалі де мерекенің көркін аша түседі.
Фестиваль алаңында тарыдан әзірленген 50-ден астам тағам түрі ұсынылады. Дәстүрлі ұлттық ас мәзірі жәрмеңкесі, шоколадты жент дайындау шеберлік сағаттары, ыстық бауырсақ пен самаурын шайының хош иісі - бәрі де келген қонаққа ерекше әсер сыйлайды.
Ойыл ауданының шеберлері тарыны өңдеудің көне тәсілдерін көзбен көріп, қолмен сезінуге мүмкіндік береді. Ал қолөнер шеберлерінің бұйымдары - тері, киіз, ағаш, жүн және зергерлік өнердің заманауи үйлесімін көрсететін нағыз мәдени көрме болмақ.
Сондай-ақ, фестиваль аясында "Ақтөбе - тарының астанасы" атты ашық дөңгелек үстел өтеді. Мұнда сала мамандары мен сарапшылар тары өсіру дәстүрін жаңғырту, оның тағамдық құндылығын кеңінен насихаттау және өңірдің аграрлық-гастрономиялық әлеуетін дамыту бағыттарын талқылайды. Кіру тегін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 15:30 167166
Қазцинктегі жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды
Достарға айту
Өскемен қаласында "Қазцинк" ЖШС-дағы жарылыстан зардап шеккен жұмысшылардың бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бұл туралы "Қазцинк" компаниясынан мәлім етті.
- Жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі бүгін түнде ауруханада көз жұмғанын терең күйзеліспен хабарлаймыз.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Компания қаза болған қызметкердің отбасына қажетті қолдау көрсетіп жатыр, - делінген хабарламада.
Бүгінде өндірістік алаңда апат салдарын жою жұмыстары мен мемлекеттік органдармен бірлескен тергеу жалғасып жатыр.
- Қазіргі уақытта Өскемен металлургиялық кешені мырыш және қорғасын зауыттарындағы өндірістік қуатты уақытша төмендетіп жұмыс істеуде, - делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін Өскемендегі кәсіпорында жарылыс болғаны хабарланған. Соның салдарынан екі адам қаза болып, бесеуі зардап шекті.
Премьер-министр Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысты жеке бақылауына алды.
Жарылысқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 14:50 168086
Астанада LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Елордадағы LRT 16-17 мамыр күндері іске қосылып, жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Бастапқы кезеңде жолаушылар ағыны 25-45 мың адам шамасында болады деп болжап отырмыз", – деді Асылбек Дүйсебаев.
Сондай-ақ ол станцияларда коммерциялық нысандар орналастыру қарастырылмағанын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім технологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты қабылданған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
12.05.2026, 11:06 167756
Мемлекеттік кірістер комитеті қазақстандықтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Соңғы уақытта өзін Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, салық төлеушілерге телефон арқылы хабарласатын белгісіз тұлғалардың азаматтарды жаңылыстыру фактілері тіркелуде, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінен.
Алаяқтар қызмет түрін шұғыл түрде растау, тіркеу деректерін жаңарту немесе мобильді қосымша арқылы міндетті растаудан өту қажет екенін айтып, азаматтарды түрлі қосымшаларды жүктеуге, күмәнді сілтемелерге өтуге, авторизациядан өтуге, SMS-кодтарды, ЭЦҚ деректерін немесе өзге де жеке мәліметтерді енгізуге көндіреді.
Мысалы, алаяқтар қызметті "әр екі жыл сайын растау қажет" деген желеумен e-Salyq mobile немесе басқа қосымшаларды жүктеуді талап етіп, орындалмаған жағдайда қызметтің тоқтатылатынын айтуы мүмкін. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және алаяқтық схема болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитеті мұндай мазмұндағы қоңыраулар шалмайды, сондай-ақ телефон арқылы мобильді қосымшаларды жүктеуді, растау кодтарын, банк картасының деректерін, ЭЦҚ кілттерін, парольдерді беруді немесе бөгде сілтемелерге өтуді талап етпейді.
Азаматтарды сақ болуға шақырамыз:
- белгісіз тұлғалардың телефон арқылы берген нұсқауларын орындамаңыз;
- SMS-кодтарды, парольдерді және ЭЦҚ деректерін ешкімге бермеңіз;
- ақпаратты тек МКК-ның ресми ақпарат көздері арқылы тексеріңіз.
Осындай қоңыраулар түскен жағдайда әңгімені дереу тоқтатуды ұсынамыз.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
23.05.2026, 16:09Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады 25.05.2026, 14:54 45956Vietjet Алматыдан Хной мен Прагаға 185 000 теңгеден басталатын бағамен рейстерді іске қосады29.05.2026, 13:49 30761Cargolux Қазақстанға рейстерін қайта бастайды29.05.2026, 14:51 30521Қазақстан Шаңхайда туристік әлеуетін таныстырды29.05.2026, 14:53 27086Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
13.05.2026, 07:10 288871Қазақстан СІМ басшысы БҰҰ Халықты қоныстандыру қорының Атқарушы директорын қабылдады15.05.2026, 21:02 276571Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына GovТeсh цифрлық шешімдері таныстырылды15.05.2026, 20:45 243016Түркістанда Түркі өркениеті орталығы бой көтереді15.05.2026, 19:53 242406Түркістан қаласында ТМҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми отырысы өтті15.05.2026, 19:43 240196Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары Turkistan визит-орталығының жұмысымен танысты

