09.08.2018, 18:52 3811

Ақмола облысында Арнайы мониторингтік топ мүшелері жоғары оқу орындарына түсудіӊ жасырын әдістерін анықтады

АМТ мүшелері бакалавриат пен магистратураға ресейлік ЖОО арқылы түсудіӊжолдарын анықтады. Аталған әдіс бакалавриатқа ҰБТ мен КТ тапсырусыз түсуге мүмкіндік береді. Соныӊ өзінде, оқыту мен емтихан тапсыру үрдістері қазақстандық ЖОО-да өтеді. 1 жарты жылдық ішінде оқу құнышамамен 160 мыӊ теӊгені құрайды.

Көкшетау. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Арнайы мониторингтік топ (бұдан әрі - АМТ) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Ақмола облысы бойынша департаментімен бірлесіп "жасырын сатып алушы" әдісімен облыстыӊ жоғарғы оқу орындарындағы қабылдау комиссияларыныӊ қызметінде қоғамдық бақылау жүргізді.

Осылай, АМТ мүшелері бакалавриат пен магистратураға түсудіӊ жаӊа мүмкіндіктерін анықтады.

Мониторинг барысында 11 сыныптан кейін бакалавриатқа кешенді тестілеуді (КТ) тапсырусыз ақ түсудіӊ әдісі айқындалды. Ол үшін, анықталғандай, бар болғаны шығармашылық мамандыққа түсіп, әрі қарай еш қиындықсыз басқа қалаған мамандыққа ауысып алуға болады.Аталған әдіс ЖОО түсу бойынша барлық бөгеттерден өтуге мүмкіндік береді.

"Магистратураға түскен кездеалдын-ала келісім бойыншаұялы құрылғыларға орнатылған What's App мессенджері арқылы көмек көрсетуге кепілдік беріледі", - деп қабылдау комиссиясыныӊ мүшесі хабарлады.

Осымен қатар, АМТ мүшелері бакалавриат пен магистратураға ресейлік ЖОО арқылы түсудіӊжолдарын анықтады. Аталған әдіс бакалавриатқа ҰБТ мен КТ тапсырусыз түсуге мүмкіндік береді. Соныӊ өзінде, оқыту мен емтихан тапсыру үрдістері қазақстандық ЖОО-да өтеді. 1 жарты жылдық ішінде оқу құнышамамен 160 мыӊ теӊгені құрайды.

Оған қоса студенттердіӊ емтихандарды (сессияны) тапсырусыз баға алуыныӊ жемқорлықтық тәуекелдері анықталды. Тіпті арнайы жасырын бағалар тізімі бар: диссертацияны жазу және қорғау -120 мыӊ.тг, сессия тапсыру -60 мыӊ.тг.кем емес.

Анықталған фактілер жүйелік сипатқа ие және талапкерлерге облыстыӊ жоғарғы оқу орындарына еш бөгетсіз, міндетті талаптарды ескермей ақ оқуға түсуіне жол ашатын жоғарғы білім жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдерініӊ болуын растайды.

АМТ осындай жағдайларды анықтау бойынша жұмыстары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны