26.11.2017, 12:20 4921

Ақмола облысындағы колледждер "Серпін - 2050" жобасы бойынша оӊтүстік және батыс өӊірінен келген студенттерге дәріс беруде

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы №8 агротехникалық колледжіне "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасы бойынша 20 орынға грант бөлінген, бірақ өкінішке орай, оған білім алуға ешкім келмеген.

Көкшетау. 26 қараша. Kazakhstan Today - 2014 жылы елімізде "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасымен 2050 талапкер оқуға түссе, биыл олардыӊ саны 3 есеге өсіп, 6200-ге жетті. Оныӊ ішінде 5000 орын 19 жоғары оқу орындарындағы 61 мамандық бойынша бөлінсе, қалған 1200-і 36 техникалық және кәсіптік білім беру мекемесініӊ 47 мамандығына сәйкес бөлінген. Жерұйығынан жылжуды жұртшылық теріс көрмейді дегенге бірінші дәлел осы.

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ "Серпін" ұлттық жобалар басқармасыныӊ басшысы Күлзия Тобатаеваныӊ айтуынша, 2015 жылы жоба бойынша білім алған 125 түлектіӊ 69-ы жұмыспен қамтылған. Қалған 45 түлек өз білімін одан әрі тереӊдетуді мақсат етсе, 3 жігіт отан алдындағы борышын өтеуге бел буған. 8 түлек әлеуметтік, отбасылық жағдайына байланысты туған өӊірлеріне оралған. Жыл санап қатары молая түсетін түлектер қосынынан 2016 жылы 1007 білім алушы түлеп ұшса, 2017 жылы олардыӊ қатары 1911-ге жеткен, оныӊ ішінде 954 студент жоғары оқу орнын тәмамдаса, қалған 957-сі колледж түлектері атанбақ.

"Жоба басталған уақытта біз 54 колледжбен жұмыс бастадық, қазір солардыӊ 36-сы "Серпінніӊ" аясында қалды. Неге десеӊіз, олардыӊ талапқа сай келмеуінде. Сонымен қатар, "Серпін" жастары енді магистратурада, әрі қарай докторантурада білімін жетілдіре алатын болады",- дейді Күлзия Тобатаева.

Еліміздіӊ халқы тығыз орналасқан, туу көрсеткіші 60 пайыздан жоғары аймағынан атап айтар болсақ, Маӊғыстау, Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарынан "Серпін" жобасыныӊ аясында Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Ақмола, Қарағанды аумағына жастарымыздыӊ біржолата қоныс теуіп қалмауына төмендегі факторлар әсер етеді.

Ернар Ыбырай, Щучинск қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжініӊ түлегі:

"Мен өзім Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы Ийтеке би кентінде дүниеге келгенмін. "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасыныӊ аясында білім алып, еӊбек жолымды Көкшетау қаласында бастадым. Қазіргі уақытта "Транстелекомныӊ" қызметкерімін, өз еркіммен жолдамамен жіберген жұмыстан бас тартып, осы жерге орналасқан жайым бар. Жалпы, колледжді 19 түлек бітірдік. Жүз пайыз жұмыспен қамтылдық. Тоғыз түлек Щучинск қаласына, қалған онымыз Көкшетауға жұмысқа орналастық. Бірақ, көбісініӊ туған елге тартып отырғанын жасырмаймын. Себеп, біреу ғана. Біз алатын жалақыға мұнда пәтер жалдап тұру өте қиынға соғады".

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы №8 агротехникалық колледжіне "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасы бойынша 20 орынға грант бөлінген, бірақ өкінішке орай, оған білім алуға ешкім келмеген.

"Мен Жарқынбек Амангелдиев Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан Ақмола облысы Щучинск қаласыныӊ экология және орман шаруашылығы колледжіне "Серпін - 2050" бағдарламасы бойынша білім алуға келдім. Мамандығым "Экология және табиғатты қорғау қызметі", соныӊ ішінде "Жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекторы". Осы үш жыл колледжде оқуымныӊ барысында оқу орныныӊ білім деӊгейініӊ жоғары екеніне куә болдым. Біз теориялық білімді тәжірибемен қатар меӊгерудеміз. Мемлекет тарапынан серпіндік студенттерге тегін білім, ай сайын шәкіртақы, жылына екі рет жолақысы, тағы басқа көмектер көрсетіледі. Алғаш келген уақытта әрқайсымызға қысқы жылы киім алуға 35 АЕК көлемінде (79415 теӊге) қаражат берілді. Оқуымызға барлық жағдай жасалған. Сабақ үлгеріміміз де жақсы. "Серпін - 2050" әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі еӊ танымал әлеуметтік бастамалардыӊ бірі болып саналады. Қазір халықтыӊ жобаға деген қызығушылығы зор. Бұл жоба жастардыӊ сапалы білім алып, тұрақты жұмыс табуына мүмкіндік берері сөзсіз. "Серпін" бағдарламасымен келген 1000-нан аса студент бүгінгі күні Солтүстік Қазақстан облысында білім алуда. Ал, бұл игі істер Елбасымыздыӊ тікелей бастауымен орындалып отырғанын мен жақсы түсінемін. Ол кісініӊ "2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық білім барша жастарға қолжетімді болуы тиіс", - деген тапсырмасы көпшілікке әсіресе, ауыл жастарына үлкен қолдау. Бізге білім беріп, болашаққа нық қадам жасауға себепкер болғаны үшін "Серпін - 2050" Мәӊгілік ел жастары - индустрияға" бағдарламасыныӊ ұйымдастырушыларына айтар алғысымыз шексіз. Білім ала жүріп, Солтүстік өӊірдіӊ табиғатын, тұрмыс-тіршілігін ұнатып, оқуымды бітірген соӊ еӊбек жолымды осы жақта жалғастыруды жоспарлап отырмын.Тағы да бір айта кететін жайт, "Серпін - 2050" бағдарламасы біздіӊ асқақ армандарымыздыӊ орындалуына себепші болды. Бағдарлама бойынша оқып жатқан әрбір студент осыны жақсы түсінуі тиіс. Неге десеӊіз, бұл мемлекетіміздіӊ бізге артқан үлкен сенімі, ал, біз болсақ сол сенімді ақтап, өзімізді жақсы қырларымыздан көрсетіп, оқу озаты болып, биік белестерді бағындыруымыз қажет. "Серпін" бағдарламасымен тек елімізде ғана емес, сонымен қатар, шет мемлекеттерде де оқуға жағдай жасалған. Демек, ертеӊгі ел болашағы үшін аянбай еӊбек етіп, егемен еліміздіӊ абыройын асқақтатар азамат болатынымызға кәміл сенемін. Жоғарыдағы пікір мен көзқарас алып ұшқан арман жетегіндегі жастардыӊ жүрек сөзі. Дегенмен, кітапхана мен жатақхана арасындағы қызықты студенттік шақ аяқталып, еӊбекпен шыӊдалатын үлкен өмірге тіктеп қараған сәтіндегі шынайылықтар басқаша болуы заӊдылық. Жалақыныӊ мардымсыздығы, баспананыӊ жоқтығы серпіндік түлекті аяғынан шалып келеді".

Щучинск қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі директорыныӊ оқу ісі жөніндегі орынбасары Назым Бектасова былай дейді:

"Біздіӊ колледж 2014 жылдан бастап бастау алған "Серпін - 2050" "Мәӊгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы бойынша оӊтүстік жән батыс өӊірінен келген студенттерге дәріс беруде. Бағдарламаныӊ негізгі мақсаты еӊбек күші көп аймақтардан кадр тапшылығы сезілетін өндіріс өӊірлері мол жерлерге жас мамандарды тарту, оқыту және жұмысқа орналастыру екенін барлығымыз жақсы білеміз. 2017 жылдыӊ ақпан айыныӊ соӊында "Орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафт құрылысы" мамандығы бойынша білім алған алғашқы серпіндік түлектеріміз қолдарына диплом алды. 19 түлектіӊ ішінде жетеуі - "үздік" ерекше дипломмен бітірді. Дипломмен бірге барлығыныӊ қолдарына жұмысқа жолдама берілді. Жұмыспен қамту 100 пайыз орындалып, "Зеленстрой" және "Жасыл ел" ЖШС-іне жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таӊда олардыӊ кейбіреуі өз жерлеріне қайтып жатыр. Себебі, аз-мұз жалақысыныӊ тамағы мен жалға алған пәтер ақысынан артылмай қалуында. Исіресе, баспана мәселесініӊ қиындығынан амалсыз осындай қадамға баруда. Бірақ, бұл мәселелер алдағы уақытта шешіледі деген үміттеміз".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны