04.10.2017, 17:57 4873

Ақмола облысындағы "Құмай" түркі археологиялық-этнографиялық қорым ескерткіші Орталық Азиядағы бірегей кешенге айналады деп күтілуде

Қорым шет ел ғалымдарыныӊ да назарын аударуда. Олар Қазақстанныӊ мәдени мұраларыныӊ экспозициялары негізінде туризмді дамыту мен мұражайтану, этноархеологияны ғылыми-зерттеу тұрғысынан инновациялық тұжырымдарды қамтыған көрнекті жобаға әбден лайықты деп бағалауда. Бұл жоба Орталық Азиядағы бірегей кешенге айналуы әбден мүмкін.

Көкшетау. 4 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы "Құмай" түркі археологиялық-этнографиялық қорым ескерткіші Қазақстанныӊ қасиетті жерлері картасына енгізілмекші. Қорым шет ел ғалымдарыныӊ да назарын аударуда. Олар Қазақстанныӊ мәдени мұраларыныӊ экспозициялары негізінде туризмді дамыту мен мұражайтану, этноархеологияны ғылыми-зерттеу тұрғысынан инновациялық тұжырымдарды қамтыған көрнекті жобаға әбден лайықты деп бағалауда. Бұл жоба Орталық Азиядағы бірегей кешенге айналуы әбден мүмкін.

Қорым Ерейментау ауданындағы Жыланды тауыныӊ етегінде. Алғаш рет 2009 жылы табылған. Содан бері белгілі тарих ғылымыныӊ докторы, түркітанушы Айман Досымбаеваныӊ жетекшілігімен жан-жақты зерттелуде.

Жыланды тауын жиектей аққан Құмай өзенініӊ жағалауындағы аумағы атшаптырым алқапта жатқандықтан, осы жердегі қорымдар ғылыми айналымға осындай атаумен енгізілген. Түркілік ғұрыптағы "Қос батыр" тас мүсінді қоршауы, қола дәуіріне тән бейіт, бағзы заманғы Қарағайлы-1, Қарағайлы-2, Қарағайлы-3 тас қоршаулары, сондай-ақ, қола дәуірініӊ жәдігері Қарағайлы қорымы, "Мұртты" қорғандары, ежелгі қоныстыӊ орны мен тас мүсіндер, Балықты-1 қорғаны, сондай-ақ, орта ғасырлық жерлеу құрылымдары аса құнды ескерткіштердіӊ қатарында. Осынау қорымдарды топырақтан аршып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында ата-бабаларымыздыӊ өмір сүру салтынан, сол дәуірдегі өзгеше өркениеттен мол мағлұмат алуға әбден болады. Демек, көне дәуірдіӊ көрінісін көз алдыӊа әкелетін осы бір деректі дәйектер бағзы заманныӊ бейнесін әйгілейтін мазмұны мол жиынтық.

Қорым шет ел ғалымдарыныӊ да назарын аударуда. Олар Қазақстанныӊ мәдени мұраларыныӊ экспозициялары негізінде туризмді дамыту мен мұражайтану, этноархеологияны ғылыми-зерттеу тұрғысынан инновациялық тұжырымдарды қамтыған көрнекті жобаға әбден лайықты деп бағалауда, деп хабарлайды Ақмола облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығыныӊ директоры Қуаныш Шақшақов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны