26.03.2012, 14:06 3721

Ақтөбе облысында 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды

Ақтөбе облысында демалыс күндері ауа райы күрт суыды. 24 наурызда қарлы бұрқасының салдарынан барлық жолдар жабылған болатын.

Ақтөбе. 26-наурыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында 300-ден астам адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысында демалыс күндері ауа райы күрт суыды. 24 наурызда қарлы бұрқасының салдарынан барлық жолдар жабылған болатын.

ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, екі күн ішінде қар құрсауынан 300-ден астам адам құтқарылып, 80-ге жуық көлік сыртқа шығарылған.

Мәселен, "Алға - Астрахань" күре жолының учаскесінде 33 адам, оның ішінде 13 бала құтқарылды. Қарғалы ауданының "Ақтөбе - Орск" күре жолында қар құрсауынан 40 көлік шығарылып, 160 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді.

25 наурызда осы аталмыш күре жолда 75 адам мен 30 техника қауіпсіз аймаққа шығарылды.

Хромтау қаласының бағатына қарай республикалық маңыздағы "Самара-Шымкент" күре жолында қар құрсауынан 54 адам мен 6 техника бірлігі сыртқа шығарылды.

Бүгінгі күні барлық жолдар көлік қозғалысы үшін ашық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны