22.04.2008, 19:35 3107

Алматы әкімі қалаға біріктірілген ауылдардың тұрғындарының проблемасын шешпекші

Алматы әкімі қалаға біріктірілген ауылдардың тұрғындарының проблемасын шешпекші

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматы әкімі Ахметжан Есімов қалаға біріктірілген ауылдардың тұрғындарының проблемасын шешпекші, деп хабарлайды агенттік Алматы қаласының әкімі аппаратының бұқарамен байланыс басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың хабарлауынша, А. Есімов "Шаңырақ -1" және "Шаңырақ-2" секілді қалаға біріктірілген ауылдарда болған кезде осындай мәлімдеме жасады. Көріп-білгендеріне түсініктеме берген қала әкімі осында тұрып жатқан адамдардың тауқыметтерін шешу қажеттігін атап өтті", -делінген таратылған баспасөз баянында.

Сонымен бірге, "өзі барған аудандардың атқамінерлерімен кездескен қала әкімі қалалық биліктің құзыретіне жататын мақсаттар мен аудандық әкімшіліктердің құзыретіне жататын мақсататтарды айқын бөлу қажеттігін атап өтті", деп хабарлайды басқарма. Оның айтуынша, бұл мейлінше тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, А. Есімовтың мәлімдеуінше, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің жұмысын пәрмендендіру қажет. "Олардың бірінші кезекті мақсаты тәртіпті сақтау мен заң бұзушылықтардың алыдын алу болмақ. Сонымен бірге олардың жұмысы жерді білермендікпен басып алуға да қарсы бағытталуға тиіс", -деді әкім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны