30.07.2008, 18:06 7109

Алматы қаласының әкімі коммуналдық тұрғын-үй мәселесіне арналған кеңейтілген мәслихат өткізді

Алматы қаласының әкімі коммуналдық тұрғын-үй мәселесіне арналған кеңейтілген мәслихат өткізді

Алматы. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Алматы қаласының әкімшілігінде қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен коммуналды тұрғын-үй мәселесіне арналған кеңейтілген мәслихат өткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәслихаттың басты тақырыбы - тұрғын үй қорының қазіргі жағдайы, ПИК жұмысы және осы саладағы мәселелерді шешу жолдары болды.

Мәслихатқа қатысушылар "Алматы аулалары" бағдарламасын дамыту мәселелерін; ПИК қарасты тұрғын үйлердің жертөлелері мен аула аумақтарының тазалық ахуалы; ПИК қарасты көп қабатты тұрғын үйлердегі өрттен сақтандыру шараларының орындалуы; тұрғын үйлердің техникалық ахуалы (жертөле, кіре берістер, инженерлік желілер); ПИК тарапынан қысқы маусымға дайындық жұмыстарын талқылады.

Мәслихатты ашқан Алматы әкімі, қазіргі таңда ПИК-ің тұрғындарға көрсетілетін үй мен ауланы сақтау және қолдану қызметтерін монополияға айналдырып, өз міндеттерін толық орындамай отырғанын, ал оларды тексеретін құзырлы органдардың өздеріне артылған міндеттерін тек қағаз жүзінде ғана орындайтынын айтты. Пәтер иелері кондоминиум объектілерін сақтауға және жөндеуге арналған қаржының шын мәнінде қаншалықты жұмсалатыны тексеруге еш мүмкіндіктері жоқ, Коммуналдық инфрақұрылымның ескірген қорын күрделі жөндеу жұмыстары мардымсыз ауқымда жүргізіледі, тұрғын үй қорының инженерлік желілер мен жүйелерінің жұмыс жасау сапасы мен тұрақтылығы төмендеп кетті. Аулалар мен тұрғын үйлер ішінің санитарлық ахуалы өте төмен.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Серік Құсайынов коммуналды тұрғын-үй саласының өзекті мәселелерін санамалады: кондоминиум иелерінің төмен құқықтық дайындықтары, иелер тарапынан кондминиум объектілерін басқаруды қоғамдық тұрғыдан бақылаудың дамымағандығы, иелердің өз міндеттерінен өз беттерімен бас тартулары, меншік иелерінің тарапынан үй қорын күрделі жөндеуден өткізіп, инженерлік желілерді жаңалауға және қолдануға төленетін коммуналды төлемдердің төмендігі, тұрғын үй қорын сақтау мен қолдануға бағытталған толыққанды қызмет көрсетудің жоқтығы; коммуналдық инфрақұрылымның шынайы ескіруі, тұтынушыларға жылу, су, газ жеткізу сияқты қызмет түрлерін жеткізуде үнемдеушілік көрсету. Коммуналдық қызмет көрсетушілер алдындағы тұтынушылардың дебиторлық қарызы айрықша мәселе болып табылады.

Алматы қаласының прокуроры Жақсылық Байтұқбаев қала басшылығына ПИК тексеру жұмыстарының нәтижелерін ұсынды. Оның нәтижесінде құзырлы органдар мен табиғи монополия субъектілері мен доминант арасында тарифтерді белгілеу кезінде, ПИК және де басқа коммуналды қызмет мекемелерінің жұмыстарында көптеген заң бұзушылықтардың орын алғандығы белгілі болды.

Ж. Байтұқбаевтің айтуына қарағанда, қазіргі таңда ПИК жұмысын реттейтін бақылаушы орган жоқ. Соның салдарынан бақылаусыздықты пайдаланып ПИК төрағалары қылмысқа дейін барады, заң бұзушылықтармен айналысады. Қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде ПИК басшылығына қатысты 7 материал бар.

Мәслихат қорытындысы бойынша қалалық қызметтерге тапсырмалар берілді сонымен қатар ҚР Үкіметіне ПИК жұмыстарын жақсартуға арналған ұсыныстар енгізілді.

Қала әкімі, аудан әкімдеріне, Энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасына белгіленген уақытқа Алматы қаласының коммуналды тұрғын-үй саласын дамытуға арналған бағдарламаны кондоминиум объектілерін жасау және оларды тіркеу саласында аяқтау; коммуналды тұрғын үй қорының және кондоминиум объектілерінің қысқы маусымға дайындық шараларына бақылауды күшейтуді; "Алматы аулалары" бағдарламасының жүзеге асырылуына септік етуді; қолданыстағы тұрғын үйлер шаруашылығын бақылауды күшейтетін тұрғын үй инспекцияларын жасақтау жөнінде ұсыныстар берулерін тапсырды.

Алматы қаласы прокуратурасының ПИК-ін тексеру барысында заң бұзушылықтарға қатысты жазған нұсқамаларын ПИК-ің орындауларын қадағалауды тапсырды.

Алматы қаласының мәслихатына Қазақстан Республикасының үкіметіне ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарды толықтыру жөнінде ұсыныстар дайындау мақсатында, орындаушы органдар тарапынан ПИК қызметтерін бақылау механизмдерін тағайындау үшін ПИК-ін тексеру комиссияларының жұмысын тексеру тапсырылды.

Ахметжан Есімов қаланың ІІД-іне абаттандырылған аулалардың мүлкін сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Қаланың ІІД Жол полициясы басқармасына газондарда автокөліктерін қаңтарған және аулалардың абаттану ережелерін бұзған жүргізушілердің жауапкершілігін қатаңдатуды тапсырды.

Икім Энергетика мен коммуналдық шаруашылық басқармасына ПИК төрағаларын аттестациядан өткізу ережелерін дайындауды, Санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасына жертөлелер мен аулалардың санитарлық ахуалын бақылауды, коммуналды қызмет көрсетушілерге, пик төрағаларына, кондоминиум басшыларына тұрғындардың дебиторлық арыздарын төлету шараларын арттыруларын, сонымен қатар нұсқамаларда көрсетілген коммуналды қызмет көрсетушілерге уақтылы және сапалы дайындауды және тұрғын үй қорын жөндеу туралы арнаулы мекемелермен келісім-шарттарға отыруларын тапсырды.

"Қаланың коммуналды тұрғын-үй саласында жинақталған мәселелерді шешу жүйелі түрде қарастыруды талап етеді. Аудан әкімдеріне, мемлекеттік органдар басшыларына, коммуналды қызмет көрсететін мекемелерге, ПИК төрағаларына осы жерде айтылған барлық ұсыныстарды қарастыру және айтылған ескертулердің себептерін жою мақсатындағы іс-шаралардың барлығын уақытында бітірулері керек. Бүгін қозғалған мәселелер кешікпей орындалуы қажет", - деді Ахметжан Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны