26.07.2018, 15:20 6270

Алматы қоғамдық кеӊесінде қоғамдық қауіпсіздік жайын талқылау бойынша тыӊдаулар өткізілді

Тұтастай алғанда, жұртшылық құқық қорғау органдарыныӊ тарапынан жария етілген ұсыныстар бойынша нақты әрекеттерді күтеді.

Алматы. 26 шілде. Kazakhstan Today - Алматы қоғамдық кеӊесі алаӊында қалалық белсенділердіӊ, үкіметтік емес ұйымдардыӊ және қала тұрғындарыныӊ қатысуымен Алматы қаласындағы қоғамдық қауіпсіздік жайын талқылау бойынша тыӊдаулар өткізілді.

Қоғамдық кеӊес мүшелері қалалық ішкі істер департаментініӊ жұмысын жақсарту бойынша қала тұрғындары ұсынған бірқатар нақты іс-шаралар мен ұсыныстарды жария етті.

"Жұртшылық тарапынан күш блогыныӊ жұмысына қатысты көп пікір-ұсыныстар келіп түсті. Мәселен, солардыӊ бірі 102 колл-орталығыныӊ жұмысын жақсартуға қатысты. Осы орталықтыӊ штат қызметкерлерініӊ санын арттыру қажет, өйткені, адамдар көп жағдайда телефон қоӊырауына жауап ала алмайды. Сонымен бірге қала тұрғындары рақымшылық аясына іліккен бұрынғы сотталғандарды бейімдеу және реабилитациялау, пробация жүйесіне қатысты ахуалға алаӊдаушылық білдіруде. Қалалық ІІБ мен аудандық ішкі істер бөлімдерініӊ басшыларыныӊ жұмысын бағалау үшін KPI жүйесін енгізу мәселесі белсенді түрде талқыланды. Сондай-ақ, жалақыға, кәсіби білікті мамандарды жұмысқа іріктеп алуға қатысты да сұрақтар бар", - деді қалалық қоғамдық кеӊес төрағасы Рахман Алшанов.

Өз кезегінде қоғамдық кеӊес мүшесі Марат Шибұтов қала тұрғындары мен полицияныӊ ұсақ-түйек құқық бұзушылықтарға да төзбеушілік танытуы жайлы мәселе көтерді.

"Илеуметтік желілерде азаматтар ұсақ-түйек құқық бұзушылықтардыӊ ашылу деӊгейініӊ төмендігі туралы жиі жазады. Адамдардыӊ полицияға деген сенімініӊ жоғалуына бұл да себеп. Егер ұрланған кәріз қақпағын немесе телефонды таба алмаса, күрделі тонаушылық немесе қарақшылық шабуыл деректерін ашуы екіталай. Сол себепті полиция осыған да назар аударғаны жөн", - дейді Шибұтов.

Тыӊдаулардыӊ қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар заӊды тәртіппен Қоғамдық кеӊес тарапынан үкімет пен парламентке жолданады.

Тұтастай алғанда, жұртшылық құқық қорғау органдарыныӊ тарапынан жария етілген ұсыныстар бойынша нақты әрекеттерді күтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны