19.06.2018, 22:54 8792

Алматыда әлемдік 8 тіл бойынша тегін сабақтар өткізілетін "Тілдер саябағы" жобасы іске қосылды

Жобаныӊ мақсаты - тілдерді үйренуге қызығушылық тудыру. Өткен жылы біз қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін оқыттық. Ал биыл тілдердіӊ қатары 8 болды, бұлар: орыс, ағылшын, қытай, кәріс, испан, француз, неміс тілдері. Жас мөлшері бойынша ешбір шектеу жоқ.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Алматыдағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында әлемдік 8 тіл бойынша тегін сабақтар өткізілетін "Тілдер саябағы" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды KazakhstanToday.

"Жобаныӊ мақсаты - тілдерді үйренуге қызығушылық тудыру. Өткен жылы біз қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерін оқыттық. Ал биыл тілдердіӊ қатары 8 болды, бұлар: орыс, ағылшын, қытай, кәріс, испан, француз, неміс тілдері. Жас мөлшері бойынша ешбір шектеу жоқ. Орта есеппен 6 жастан басталады. Былтыр бір әже 69 жаста болатын, ал биыл еӊ егде қатысушымыз 82 жаста. Біз А1 және А2 деген екі деӊгей бойынша ғана оқытамыз. Бұл білім деӊгейін бағалаудыӊ халықаралық стандарты. Бұдан кейінгі В1, В2 деӊгейлері үшін бір айдан артық уақыт пен жоғары кәсіби біліктілікті талап етеді. Біздіӊ мақсатымыз - тек қызықтыру ғана. Бір айда біз бала үшін толық қызығушылықты оята алмасақ та, оған тіл үйренуге деген үлкен ынта сыйлай аламыз", - деді Alpha Academy білім беру орталығыныӊ директоры Бақнұр Зиябеков.

Сондай-ақ, оныӊ айтуынша, жобаға арналып өз бетімен тіл үйрену мақсатындағы QR код қолданылатын EZOQY (изи оқу) атты арнаулы әдістемелік құрал - инновациялық кітап жасап шығарылды.

"Онда сіз QR кодыӊызды табасыз және QR кодты басқару арқылы өз оқытушыӊыз болмаса да өз бетіӊізбен тіл үйрене аласыз. Кітапты біз 1000 дана басып шығардық. Қазір екі саябақта біз бұл кітаптарды тарататын боламыз", - деді Зиябеков.

Сондай-ақ, аталған іс-шараға Медеу ауданыныӊ әкімі Ержан Жылқыбаев қатысты.


"Бұл жоба "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ шеӊберінде жүзеге асырылып отыр. Жоба былтыр жүзеге асырыла бастаған. 1200 адамды 3 тілде тегін білім игеруге қамтыдық. Биыл қамтылған адамдардыӊ саны 3 мыӊнан асты. Оқыту 3 айға созылады. Оқу аяқталғаннан кейін білім деӊгейін көрсететін сертификат беріледі. Исіресе жаз маусымында балалар компьютердіӊ алдында отырудыӊ орнына саябақта тіл меӊгеретін болады. Бұл жоба келесі жылы да жалғасын табады", - деді Медеу ауданыныӊ әкімі.

Ұйымдастырушылар еске салып өткендей, екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған жобаға 2017 жылы Алматы қаласыныӊ 6-70 жас аралығындағы 1200- ден астам тұрғыны қамтылса, биыл бұл көрсеткіш 3000-нан асты және еӊ егде қатысушы - 82 жаста.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны