11.05.2017, 16:12 5975

Алматыда бірегей "Open Almaty" қалалық жобасы ұсынылды

"Open Almaty" жобасы Smart City тұжырымдамасын іске асыру шеӊберіндегі Алматы әкімдігініӊ бастамасы.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда кеше пилоттық режимде "Open Almaty" порталы іске қосылды. Өмірлік жағдайларда шешім қабылдауды сүйемелдеу жобасы Алматы қаласы әкімдігініӊ қолдауымен "Алматы қаласын дамыту орталығы" жүзеге асырды.

"Open Almaty" жобасы Smart City тұжырымдамасын іске асыру шеӊберіндегі Алматы әкімдігініӊ бастамасы.

Жоба, Алматы қаласы тұрғындары, кәсіпорындар мен келушілерге өмірлік жағдайларды шешуге көмектесуге бағытталған, НПА тарапынан регламенттелмеген. Бұл жоба мемлекеттік органдардыӊ стандарттар мен регламенттерді әзірлеу, оларды кері жасау жолын өзгертуге көмектеседі деп күтілуде. Басқаша айтқанда, жазбаша ережелерге адамдардыӊ бейімделуі емес, ережелер адамдардыӊ өмір жағдайларына сәйкес өзгеруі керек.

Сонымен қатар, жоба халық алдында әкімдік құрылымдық бөлімшелерініӊ қол жетімділігін және есеп берушіліктерін арттырады.

"Open Almaty" - екі кезеӊмен жүзеге асырылатын күрделі жоба болып табылады:

Бірінші кезеӊ - өмірлік жағдайлар open-almaty.kz порталын іске қосу

Екінші кезеӊ - Ашық есік қағидаты бойынша қала әкімдігініӊ қоғамдық қабылдауын іске асыру және әкімшіліктіӊ халыққа қолжетімділігі.

Болжам бойынша, бұл қоғамдық қабылдау орталығы бір шаӊырақтыӊ астында әкімдіктіӊ қоғамдық қабылдау орталығын, инвесторларға қызмет көрсету орталығы, туристік орталық, МЖИ орталығы, әкімшіліктіӊ бірыӊғай қоӊырау-орталығы, сондай-ақ азаматтардыӊ өтініштерін қарайтын құзырет орталықтарын (сарапшылар) біріктіреді.

Пайдаланушыларға ыӊғайлы болу үшін портал "Open Almaty" 3 пайдаланушылар санатына бөлінген: қала тұрғындарына, қала қонақтарына және бизнеске. Портал қалалық билікпен бірыӊғай байланыс - орталығы ретінде ойластырылған. Құрылған бірыӊғай өтініштер базасы, соныӊ салдары ретінде, Алматы қаласы басқармасыныӊ азаматтардыӊ өтініштерін қарау тәртібін бақылауды күшейтеді және тиімділігін арттырады.

Портал "Open Almaty" - бұл өзінше түрлі мәселелерге нұсқау беруге бағытталған интерактивті анықтама: баланы балабақшаға орналастыру, ашу ЖК және т. б., сондай-ақ, құқықтық саласында көрініс таппаған мәселелер. Айта кетейік, бүгінгі тестілік іске қосуда 100 ден астам өмірлік жағдайлар бар.

"Бүгін біз халықтыӊ өмірлік жағдайларда шешіміне арналған ақпарат көзі болуға әлеуеті бар пилоттық режимде "Open Almaty" порталын іске қосамыз", - деді Руслан Асаубаев "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма төрағасыныӊ орынбасары.

"Біз бұл үшін ұмтыламыз және портал дамыту жөніндегі жұмысты жүргізудеміз", Алматы қаласы тұрғынына қандай мемлекеттік орган немесе коммуналдық шаруашылығы қызмет көрсететінін және проблемалар туындаған жағдайда қайда баруды білу тіпті қажет емес ететіндей болуы тиіс.

"Open Almaty" өмірлік жағдайлар мәселелерін және мысалдар шешу жолдарын табу, көмектесу үшін арналған - деп түсіндірді ол.

Өмірлік жағдайларды шешу қадамдық нұсқаулықтары қарапайым тілде сипатталған және тым көп терминдері кездеспейді. Порталмен көзделген неғұрлым жиі қойылатын сұрақтарға барлық бағыттары бойынша жауаптар және қызмет көрсету бойынша іздестіру қарастырылған.

"Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ кері байланыс процесіне қатысуға Алматыныӊ барлық тұрғындары мен қонақтарын шақырады. Руслан Асаубаев порталдыӊ қазір пилоттық режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. "Жобаныӊ табыстылығы техникалық сипаттамаларға ғана тәуелді емес, сондай-ақ азаматтардыӊ іске араласу деӊгейіне де байланысты. Біз порталды дамытудағы біздіӊ пайдаланушылардыӊ үлесін бағалаймыз: қызметтерімізді жақсарту үшін ескертулер мен ұсыныстар порталдыӊ дамуына көмектеседі, - деді ол. Порталдыӊ пилоттық іске қосылуын назарға ала отырып, ол сондай-ақ сарапшылар мен қоғамды жобаға белсенді қатысуға шақырды және барлық ескертулер мен ұсыныстарды электрондық поштағa [email protected] жіберулеріӊізді сұрады.

"Open Almaty" порталы пилоттық режимде http://open-almaty.kz/ мекен-жайы бойынша қол жетімді, порталды ресми іске қосу осы жылдыӊ тамыз айында жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны