14.11.2018, 21:38 6063

Алматыда электронды қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылды

Шаһарда электронды қалдықтарға арналған экобокстар ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айынан бері қойыла бастаған. Экобокстарға жарамсыз ұялы телефондармен зарядтау құрылғыларынан бөлек, ескі магнитафон, теледидар, электрлік ойыншықтар мен істен шыққан үтік, планшет тәрізді заттарды тастауға болады.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Алматыда электронды қалдықтарға арналған контейнерлер орнатылды. Электронды қалдықтардыӊ бей-берекет тасталуы қоршаған орта мен адам баласы үшін аса зиян. Ал мұндай қалдықтарды қайта өӊдеу ел экономикасы үшін тиімді. Осы орайда Алматыда электронды қалдықтарды тастауға арналған 32 контейнер орнатылды.

Шаһарда электронды қалдықтарға арналған экобокстар ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айынан бері қойыла бастаған. Экобокстарға жарамсыз ұялы телефондармен зарядтау құрылғыларынан бөлек, ескі магнитафон, теледидар, электрлік ойыншықтар мен істен шыққан үтік, планшет тәрізді заттарды тастауға болады. "Контейнерлер толған соӊ оныӊ ішіндегі қоқыстыӊ салмағы өлшеніп, ары қарай өӊдеу базасына жөнелтіледі. Алдымен электронды қалдықтыӊ пластмассасы мен металы қолмен ажыратылады. Артынан бұл заттар бөлек жиналып майдаланады. Ирі қарай қалдықтар қайта өӊдеуге кетеді. Кейбіреулер мұндай қалдықтар бәрібір қоқыс полигонына кетеді, өӊдеудіӊ не қажеті бар деп жатады. Алайда, сол зиянды заттардыӊ бәрі жерге сіӊіп кететінін ескеруіміз керек. Топырақ арқылы суға да таралады. Титтей батареяныӊ бір данасын қате пайдаланған жағдайда, 20 текше метр топырақ немесе 400 литр ауыз су уланады" дейді эколог мамандар. Бүгінгі таӊда мегаполисте электронды қалдықтарға арналған отыздан астам контейнер бар. Оныӊ 29-ы қала мектептеріне қойылған. Жауапты мамандардыӊ сөзінше, қыс айларына дейін тағы 50 мектепке осындай экобокстар орнатылатын болады, деп хабарлайды "Егемен Қазақстан".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны