18.10.2018, 19:06 7420

Алматыда III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалініӊ қазақстандық бағдарламасы өтеді

Сонымен қатар, іс-шара аясында жақында Түркияда (Османия) өткен фестивальдіӊ "Түркі анасы" атты деректі фильмдерініӊ көрсетілімі ұсынылады. Фильм кейіпкерлері сегіз түркі елі, соныӊ ішінде Қазақстандық аналар.

Алматы. 18 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 19 қазанында Алматыда III Халықаралық Түркі дүниесі деректі фильмдер фестивалініӊ қазақстандық бағдарламасы өтеді.

Іс-шара ұйымдастырушылары Түркі әлемініӊ журналистер федерациясы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.

Биыл кинофестиваль сегіз қатысушы елдіӊ жетекші серіктес университеттерінде өткізіледі, оныӊ ашылуы қазан айыныӊ басында Стамбұл университетінде өтті. Бұл шара түркітілдес елдер үшін үлкен әлеуметтік және мәдени маӊызға ие. Кинофестивальде Түркия, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Кипр, Өзбекстан және Ресейдіӊ (Башқұртстан және Татарстан) үздік шығармалары таныстырылды. Фильмдер қазіргі әлеуметтік, мәдени, рухани және қоғамдық маӊызы зор тақырыптарға, сондай-ақ жастарды тәрбиелеуге арналған.

Сонымен қатар, іс-шара аясында жақында Түркияда (Османия) өткен фестивальдіӊ "Түркі анасы" атты деректі фильмдерініӊ көрсетілімі ұсынылады. Фильм кейіпкерлері сегіз түркі елі, соныӊ ішінде Қазақстандық аналар.

Іс-шараға Түркі әлемі журналистер федерациясыныӊ президенті Мендерес Дэмир, Түркия журналистер федерациясыныӊ президенті Йылмаз Караджа және басқа да шетелдік қонақтар, деректі фильм түсірушілері мен кинорежиссерлер, қоғамдық және БАҚ өкілдері, университет студенттері қатысады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны