09.12.2015, 17:54 3592

Алматыда жоғалған қыздыӊ табылғаны туралы ақпарат өтірік болып шықты

Алты күн бұрын жоғалған Айзада Авлатаровадан әлі күнге хабар жоқ. Бүгін түс ауа әлеуметтік желілерде 20 жасар студенттіӊ табылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты

Алматы. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алты күн бұрын жоғалған Айзада Авлатаровадан әлі күнге хабар жоқ. Бүгін түс ауа әлеуметтік желілерде 20 жасар студенттіӊ табылғаны туралы ақпарат тараған. Алайда бұл мәлімет жалған болып шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бірақ іздестіру тобы мен туыстарыныӊ қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі Айзада Авлатарованыӊ табылғаны туралы ақпарат расталмаған. Сондықтан еріктілер тобы іздестіру жұмыстарын ертеӊ тағы да жалғастырады. Қазірдіӊ өзінде жүзден астам адам жол талғамайтын көліктермен Іле өзенініӊ сағасын, қойшылардыӊ қыстаулары мен 40-шақты елді-мекенді кезіп шығыпты. Тіпті қолдарында Айзаданы ұралған азаматтыӊ суреті де бар. Бірақ соған қарамастан 20 жасар бойжеткенніӊ нақты қайда екенін анықтау мүмкін болмай тұр. Айзада Авлатарова үшінші желтоқсан күні Жетіген ауылынан таксиге мініп, Өтеген батыр кентіне беттеген болатын. Содан бері Экономика және құқық колледжініӊ бірінші курс студентімен байланыс жоқ, деп хабарлайды www.ktk.kz тілшісі.

Константин Авершин, Іздестіру тобыныӊ мүшесі:

- Біздегі мәлімет бойынша қыз тірі. Оны ұрлап әкеткен азамат өзімен бірге алып жүрген көрінеді. Күдіктініӊ бұрын сотталған, араққа құмар екені туарлы мәлімет бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны