04.08.2021, 21:37 16192

Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланды

АЛМАТЫ. 4 ТАМЫЗ - Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланды. Бұл туралы брифингте Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев мәлім етті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Демалыс күндері локдаун. Балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, ашық және жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес) қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен СОО-ның, қоғамдық көліктің (елді мекендер ішінде) банктерінің, ХҚКО-лардың, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, фитнес-орталықтардың, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады", - деді Асхат Чарапиев.

 
Оның айтуынша, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,7%-дан 0,9%-ға дейін артты.
 
Эпидемиологиялық матрицаның бағалауы бойынша Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан және Текелі, Талдықорған қалалары "қызыл" аймақта орналасқан.
 
Бұған дейін Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов 2-16 тамыз аралығында Қарасай, Талғар, Іле аудандарының аумағында карантинді күшейту туралы Қаулыға қол қойған болатын. Қаулы "Ashyq"жобасына қатысушылардан басқа, кәсіпорындардың қызметін шектейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны