15.03.2021, 22:14 10487

Алматы облысында ұшақ апаты кезінде қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасты

Талдықорған. 15 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін, 2021 жылғы 15 наурызда, Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҰҚК баспасөз қызметінен хабарлағандай, қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер еске алынып, ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында "Бір минут үнсіздік" өткізілді.
 
Қаза болғандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.
 
ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуде.
 
Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайларын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде. Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
 
Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні 13 наурызда сағат 17.22-де Алматы қаласының әуежайына қонуға бет алған кезде ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің АН-26 әуе кемесі апатқа ұшырады. Бортта алты экипаж мүшесі болды, олардың төртеуі қайтыс болды және екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға түсті.
 
Апат салдарынан зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер жараланғандардың өмірін құтқару үшін бар күшін салуда.
 
Апаттың мән-жайын анықтау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс және Ішкі істер министрліктерінің өкілдерінен сараптама комиссиясы құрылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны