25.04.2023, 09:15 47601

Алматыда ата-аналар күніне орай қосымша автобустар іске қосылады

Автобустар сағат 20.00-ге дейін жүреді
Алматыда ата-аналар күніне орай қосымша автобустар іске қосылады
Алматы. 25 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - "Христиандық еске алу күніне" орай уақытша 2023 жылдың 25 сәуірінде қосымша автобустар сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін алматылықтар үшін қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігі.

Алматы қалалық мобильділік басқармасының деректері бойынша, №88 маршрут "Қонаев көшесі-Батыс зират" қосымша автобустармен күшейтіледі, жөнелту пункті - Қонаев және Мақатаев көшелерінің қиылысы. Сонымен қатар "Алматы т/ж вокзалы - 1-Батыс зират" және "Алматы - 1 теміржол көпірі - төменгі Пятилетка зираты" қосымша бағыттары қатынайтын болады.

Сондай-ақ, зират маңынан өтетін №7, 13, 30, 31, 40, 50, 56, 57, 63, 69, 72, 74, 77, 80, 100 маршруттар толық құрамда жолға шығарылатын болады.

Христиандар Радоница - ата-аналар күнін Пасхадан кейінгі тоғызыншы күні атап өтеді, биыл ол 25 сәуірге түсті. Бұл қайтыс болғандарды еске алу күні.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны