16.03.2020, 17:51 3434

Алматыда барлығы 608 іс-шара тоқтатылды

Алматы қаласы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша наурыз-сәуір айларында мәдени-ойын-сауық ұйымдары бойынша 211, ал театрларда 383 іс-шараларға шектеу қойылды. Қала бойынша барлығы 608 іс-шара тоқтатылды.

Алматы. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыдағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқыту-жаттығу процессі тоқтатылды.

Бұл туралы қалалық Спорт басқармасы хабарлады.

Алматыда барлығы 14 коммуналдық спорт нысаны бар. Оның ішінде 9-ы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істейді. Спортпен шұғылданатындар 12 мыңнан астам адамды құрайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 13 наурыздан бастап Алматы қаласының барлық мемлекеттік спорттық мектептерінде оқу-жаттығу процесі тоқтатылды.

Жергілікті және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын спорт кәсіпорындарындағы оқу-жаттығулары, физикалық-сауықтыру қызметтерін ұсыну және спорт саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға да шектеу қойылды.

Жеке спорт ұйымдарына спорт саласында көрсетілетін қызметтерді уақытша тоқтату жөнінде ұсынымдар берілді. Атап өтетін жәйт, бірқатар ұйымдар, соның ішінде, қала тұрғындары да бұл ұсыныстарға түсіністік білдірді.

Сонымен қатар, барлық спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының мүшелері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына шектеу қойылды. Сондай-ақ, мегаполис аумағында халықаралық спорттық шаралар да тоқтатылды.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирус пандемиясын жариялады.

2. Алматы әкімдігінде білім беру мекемелерінің жұмыс істеу форматы түсіндірілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пандемиясын жариялады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекция жағдайы тіркелген жағдайда әрекет ету алгоритіміне сәйкес білім беру мекемелерінің жұмыс форматына өзгерістер енгізілді.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін қосымша білім беру нысандарында (оқушылар үйі, музыкалық мектептер) білім беру процесін жүргізуге тыйым салынды. Сонымен қатар, балалардың орыны сақталады, ата-аналардан оқу ақысы алынбайды.

Жалпы, Алматыда 266 мектеп, 80 колледж бар. 16-наурыздан бастап мектептерде демалыс жарияланды. Оқушыларға демалыс кезінде экскурсияға баруға тыйым салынды. Колледж студенттері 16-наурыздан бастап қашықтан білім алуға көшеді.

Білім беру саласындағы қызметкерлер бойынша 3 санат анықталды:

1) әкімшілік-басқару қызметкерлері - басшы, орынбасарлар және техникалық қызметкерлер әдеттегі режимде жұмыс істейтін болады;

2) пән мұғалімдері - үйде отырып, қашықтан жұмыс істей алады. Бұл ретте олардың жалақысы толық көлемде сақталады;

3) ақылы еңбек демалысын ресімдеуге тілек білдірген қызметкерлердің қалауы толық қанағаттандырылады.

"ҚР-да коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шараларын күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес ҚР аумағында, оның ішінде Алматы қаласында бұрын жоспарланған іс-шараларды көшіру немесе тоқтату туралы шешім қабылданды.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы келесі шектеулерді енгізуде:

1. 2020 жылдые 13 наурызынан бастап Алматы қаласының аумағында барлық бұқаралық мәдени іс-шараларды, конференция, семинарлар, көрмелерді өткізуге уақытша тыйым салу енгізілсін;

2. Халықаралық мәдени іс-шараларға бару мақсатында 1А, 1Б, 2 және 3 санаттағы елдерге шығуға шектеу енгізу.

Алматы қаласының Мәдениет басқармасы шаһардың барлық тиісті ұйымдары мен мәдениет мекемелеріне өз ұйымдарының аумағында қажетті құралдармен: санитайзерлер, антисептиктер және коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі жадынамалармен қамтамасыз ету бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды күшейту жөнінде ұсыныстар білдірді.

Мәдениет басқармасы бекіткен жоспарға сәйкес 2020 жылдың бірінші жартыжылдығына 40-тан астам іс-шаралар жоспарланған. Оның ішінде, бүгінгі таңда 14-і тоқтатылса, қалған 26 шара ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

Алматы қаласы бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес мониторинг жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша наурыз-сәуір айларында мәдени-ойын-сауық ұйымдары бойынша 211, ал театрларда 383 іс-шараларға шектеу қойылды. Қала бойынша барлығы 608 іс-шара тоқтатылды.

Сондай-ақ, бүгінде қалада барлық кинотеатрлар, хайуанаттар бағы, мұражайлар, кітапханалар жұмысын тоқтатты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны