25.06.2021, 23:58 13131

Алматыда Дельта-штаммға байланысты қосымша шектеулер енгізіледі

АЛМАТЫ. 25 МАУСЫМ - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев коронавирустың жаңа штаммымен жаппай жұқтыруды болдырмау үшін қалада қосымша шектеулер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Локдаун болмауы мүмкін, бірақ шектеу шаралары міндетті түрде болады. Қаулы жобасын қаланың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті дайындап жатыр", - деді Алматы басшысы.

 
Сағынтаев Үндістанның Дельта штаммы таралуының жоғары жылдамдығына байланысты жаппай вакцинациялау қажеттілігін тағы да еске салды. Ол сондай-ақ жаңа штаммның арқасында қала жақын күндері "қызыл" аймаққа енуі мүмкін екенін атап өтті.
 

Біз мұның қаншалықты тез таралатынын көріп отырмыз, сондықтан менің ойымша, барлығы түсіністікпен қарайды. Қазір бірінші кезекте вакцинацияны күшейту қажет, басқа нұсқалар жоқ", - деп нақтылады спикер.

 
Алматы әкімі бүгінде қаланың ұжымдық иммунитеті 34%-ды құрайтынын, оның 24%-ы вакцинацияланғанын, ал қалғандары коронавирустық инфекциямен ауырғанын атап өтті. 
 
Спикердің айтуынша, қалада күнделікті екпе саны 2-3 есеге өскен. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Алматыда COVID-19 Үнді штаммымен сырқаттанушылықтың күрт өсуі тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны