31.03.2021, 18:41 10357

Алматыда қоғамдық көлікті карантиндік шаралардың сақталуын тексеру күшейтілді

Қалалық мобилділік басқармасынан хабарлағандай, қаланың барлық маршруттарын кезекпен тексеру жоспарланған.
АЛМАТЫ. 31 НАУРЫЗ - Қалалық мобилділік басқармасы, Көлік холдингі мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мониторинг топтары жолаушылардың санитарлық ережелерді ұстануын тексеруде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қалалық мобилділік басқармасынан хабарлағандай, қаланың барлық маршруттарын кезекпен тексеру жоспарланған.
 

Бұған дейін қоғамдық көлікте тек Басқарма қызметкерлері рейд жұмыстарын жүргізіп, тек ескерту жасай алатын. Қазіргі мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы", - деп атап өтті ведомствода.

 
Сонымен қатар, қалада жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр. Жолаушылар ағымына қарай жүктемесі жоғары 28 бағыт бойынша қосымша автобустар шығарылып, жүру интервалы қайта қарастырылды. Соңғы аялдамаларда автобус салондарына дезинфекция жасалады. Сондай-ақ, автобустар мен метрода маска тағу қажеттілігі туралы ақпараттық аудиохабарлама жасалады. Жүргізушілерге жұмыс уақытында міндетті түрде маска тағу, массасы жолаушыларды салынған кіргізбеу және қажет болған жағдайда түсіріп кету туралы тапсырма берілді. Көлік холдингі қызметкерлері де карантин кезінде санитарлық нормаларды бұзушыларға ескерту жасап, автобустан түсіру туралы тапсырма алды.
 
Алматылықтардың қажеттілігін толық өтеу үшін қалаға мыңға жуық автобус қажет екендігі мәлім. Бұл бағытта жұмыстар жалғасып жатыр. 2021 жылы коммуналдық автопаркке 150 жаңа газбен жүретін автобус жеткізілді. Жолаушылардың сұранысына қарай автобустардың бір бөлігі ескі автобустарды жаңалауға және маршруттарды күшейтуге, ал бір бөлігі жаңа маршруттар ашуға жіберілді. Жылдың аяғына дейін тасымалдаушылар екі жүзден аса автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
 
Естеріңізге сала кетейік, Алматы COVID-19 таралуы бойынша "қызыл" аймақта орналасқан. Өткен тәулікте Алматыда коронавирустың 526 жаңа жағдайы анықталды, қалада барлығы 34 083 жағдай тіркелген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны