06.10.2025, 17:00 163601

Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды

Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан бұзылды
Сурет: gov.kz
Жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде Абылай хан даңғылы, 64 мекенжайындағы тұрғын емес нысанға қосымша салынған құрылыстың заңсыз тұрғызылғаны анықталды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

2025 жылы 25 мамырда нысан иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Аталған соттың 2025 жылы 3 маусымдағы шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды және заңсыз салынған нысанды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді.

Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өзі бұзды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны