16.02.2021, 18:37 17959

Алматыдағы Горький атындағы саябақта студенттерге арналған жатақхана салынады

Орталық саябақта 327 орынға арналған алты қабатты студенттер жатақханасы бой көтереді. Тапсырыс беруші - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Алматы. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда Максим Горький атындағы орталық саябақта Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері үшін жатақхана салу жоспарланып отыр.
 
Алматы әкімідігі осы мәселеге байланысты қала тұрғындарын қоғамдық тыңдауға шақырады.
 

1 наурыз таңғы сағат 10:00 кезінде Горький атындағы саябақта ашық жиналыс форматында қоғамдық тыңдау өтеді. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру қалалық жасыл экономика басқармасына жүктелген", - деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

 
Орталық саябақта 327 орынға арналған алты қабатты студенттер жатақханасы бой көтереді. Тапсырыс беруші - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
 
Тұрғындар ескерту мен ұсыныстарын қоғамдық тыңдау өтетін күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей [email protected] электронды поштасына жолдауы керек. 

Ақпарат көз: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны