04.08.2022, 15:48 22756

Алматыдағы "Южный" саябағының учаскесі сот арқылы қалаға қайтарылмақ

Учаскенің иесі өтемақы сомасымен келіспейді.
АЛМАТЫ. 4 ТАМЫЗ - Алматы қаласы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі Ерболат Досаев "Южный" паркі аумағының бір бөлігі сот арқылы қалаға қайтарылатынын айтты, өйткені оның иесі өтемақымен келіспейді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Тұрғындардың өтініші бойынша, Южный саябағындағы жер телімін қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 19 сәуірде осы учаскені қайтарып алу туралы қаулы қабылданды, бірақ оның иесі өтемақы сомасымен келіспейді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа мемлекеттің қажеттілігі үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талап-арыз берді", - деді Ерболат Досаев.

 
Ол, оң шешім қабылданған жағдайда, "Южный" саябағының аумағы 2,8 га ұлғаятынын нақтылады.
 
Досаев Бостандық ауданының негізгі мәселесі жаппай және нүктелі құрылыс болып қалатынын мойындады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны