11.02.2022, 17:29 41536

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері ереуілге шықты
АЛМАТЫ. 11 АҚПАН - Алматы қалалық Жедел жәрдем қызметінің қызметкерлері мекеме алдына жиналып наразылықтарын білдірді. Бүгін айлықтарының шайлыққа да жетпейтіндерін және заңсыз жұмыстан босатылғандарын айтқан наразы топ, жұмыс істеуден бас тартты.
 
Олардың арасында тек жедел жәрдем жүргізушілері ғана емес, фельдшерлер мен желілік бригада дәрігерлер де бар. Жүргізушілердің айтуынша, мекеме басшысы жоғары жалақы тұрмақ, қарапайым жұмыс формасымен де қамтамасыз ете алмай отыр. Жұмысшылардың үстіндегі киімдері жеті жылдан бері жаңармаған, деп хабарлайды Экспресс К.
 

Міне қараңызшы бізді адамдар көше сыпырушыға теңейді. Мына формаға жеті жыл болды. Әбден тозды. Үш бірдей бастық ауысты. Бірақ форма сол қалпында. Ұят нәрсе ғой. Біреуміздікі сары, біреуміздікі қызыл. "Бомж" қатарындамыз ғой", — дейді жедел жәрдем жүргізушісі.

 
Олардың сөздерінше, бес жылдан бері жалақылары да өспеген. Олар елімізде азық-түлік, киім-кешек, жанар-жағармай бағасы күрт қымбаттағанын алға тартады.
 

Жалақы аз, бес жыл бұрынғы 160 мың жалақы алушы едік, сол қалпында қалды. Көтерілмеді. Тариф бұрын 500 теңге болатын. Қазір 800 теңге, бірақ жалақы сол қалпында. Жалақымыз жетпейді. Қазір нанның өзі қымбат. Бір қап ұныңыз 8000 теңге тұрады. Осында жиналған жүргізушілердің әр қайсында бес-алты баладан бар", — дейді жүргізуші.

 
Наразы топтың алдына Алматы қаласы Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев шығып, басу айтты. Ол қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер барын алға тартты.
 

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде жұмыс істегендердің әрқайсысына бюджеттен 125 000 теңге бөлінді. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған науқастарды тасығаны үшін үстемақы бар. Жедел жәрдем жүргізушісінің орташа жалақысы 297 мың теңге болды", — деді Алматы қаласы Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев.

 
Жедел жәрдем қызметкерлері олардың айтқан барлық өтініштері тыңдалады деп үміттенеді. Олар жұмыс істеуден бас тартпайтындықтарын айтты.
 
Ақпарат көзі: exk.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны